Жаңа отандық вакцина еріктілерге сыналады

0
467

Еріктілерге 200 мың теңге мөлшерінде сыйақы төленеді.


Жаңа отандық вакцина еріктілерге сыналады

ERNUR.KZ. Таразда коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCoVac-P вакцинасын сынақтан өткізу басталғалы жатыр, оған 44 ерікті қатысады, деп жазады azattyq-ruhy.kz

Бірінші клиникалық сынақтарға 18 бен 50 жас аралығындағы дені сау адамдар іріктелуде. 44 адамның жартысына жаңа препарат егіледі, екінші жартысы плацебо алады. Еріктілерге 200 мың теңге мөлшерінде сыйақы төленеді.

Дәрігерлер екпе салар алдында әр адамның денсаулығын қатаң тексереді. Әзірге қос кезеңге 244 адам таңдалған. Бүгін клиникалық сынақтан өтуге 20 адам өтініш берді.

Ғалымдардың айтуынша, егер бәрі сәтті өтсе, сынақтың екінші фазасы басталады. Оған 200 адам қатысады.

«Біріншісі инактивтелген вакцина болды, ол жерде біз тірі вируспен жұмыс істейміз. Ал мына вакцинаның құрамында тірі вирус жоқ. Бұл суббірлікті вакцина. Бұл вакцина жұмсағырақ болады деген үміттеміз», - деді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Берік Хайруллин.