Бұл жаңашылдықтар барлық азаматтар үшін мемлекеттік қолдау шараларын әділ бөлу қағидатын толық көлемде қолдануға мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. Тұрғын үйге мұқтаждардың жаңа базасына кезекке тұру құқығы қандай да бір санатқа жататындығына қарамастан, соңғы 10 жыл ішінде тұрғын үйі жоқ барлық азаматтарға беріледі, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев ҚР Парламенті Мәжілісінде айтты.
«Есепке қоюдың жаңа тәртібіне сәйкес тұрғын үйге мұқтаждардың жаңа базасына кезекке тұру құқығы қандай да бір санатқа жататындығына қарамастан, соңғы 10 жыл ішінде тұрғын үйі жоқ барлық азаматтарға беріледі», - деді вице-министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық әктілеріне тұрғы үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстыру барысында.
Сондай-ақ, ол кезекте тұрғандарды ағымдағы базаға есепке қою тоқтатылатынын ескертті. Ал Отбасы банкі мынадай қызметтерді жеке-жеке жүзеге асыратын болады:
1. Бірыңғай республикалық электрондық базаны (ағымдағы база) жүргізу, мониторингілеу және өзектендіру;
2. Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы базасын (кезекте тұрғандардың жаңа базасы) қалыптастыру, жүргізу, мониторингілеу, өзектендіру.
«Ағымдағы кезекте тұрғандар үшін жалға және кредитке берілетін тұрғын үйді бөлу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылатын болады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығында кезекте тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу:
– жалға берілетін тұрғын үй үшін төлемді субсидиялау-есепке қою күні бойынша;
- кредиттік тұрғын үй – балдық жүйе бойынша жүргізілетін болады.
Бұл ретте, табысы қажетті балл санын жинақтауға мүмкіндік бермейтін халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды қолдау мақсатында қосымша балдарды енгізу ұсынылады.
Сондай-ақ, Отбасы банкінің интернет-ресурсында өзектендірілген тізімдерді жариялай отырып, тоқсанына кемінде 1 рет тізімдік кезектілікті түгендеу көзделеді», - деді Еркебұлан Дауылбаев.
Бұл жаңашылдықтар барлық азаматтар үшін мемлекеттік қолдау шараларын әділ бөлу қағидатын толық көлемде қолдануға мүмкіндік береді.