Прокурор сотталушыға 120 сағат қоғамдық жұмысқа жегу түрінде жаза сұрады.
ERNUR.KZ. Отбасылық жанжал кезінде жаңа туған сәбиін терезеден лақтырмақ болған петропавлдық тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Stan.kz
Сотта 20 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында мас күйінде болғаны ер адам бесінші қабаттағы пәтерінен жаңа туған нәрестені лақтыратынын айтып қорқытқаны анықталды. Оған ер адамның әйелмен арадағы жанжал себеп болған. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар жетіп оқиғаның алдын алды.
Прокурор сотталушыға 120 сағат қоғамдық жұмысқа жегу түрінде жаза сұрады.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.