Жерге құйрықты жұлдыз жақындап келеді: Қазақстандықтар оны қашан және қай жерде көре алады

0
346

2023 жылдың басында Қытай астрофизиктері ашқан ATLAS кометасы Күнге ең аз қашықтықта жақындады.


Жерге құйрықты жұлдыз жақындап келеді: Қазақстандықтар оны қашан және қай жерде көре алады

Фото: Jose Santivañez Mueras

ERNUR.KZ. Алдағы күндері Қазақстанда сирек кездесетін астрономиялық құбылыс байқалады, деп жазады stan.kz.

2023 жылдың басында Қытай астрофизиктері ашқан ATLAS кометасы Күнге ең аз қашықтықта жақындады. Бұл аспан денесінің жарықтығы сонша, Венера планетасынан бұрын көрінеді.

A3 ATLAS құйрықты жұлдызын алғаш рет Нанкин қаласында орналасқан Цзыцзиньшань обсерваториясында қытай ғалымдары ашты. Алғашқы күндері мамандар жаңа астероид тапқанына сенімді болды. Дегенмен аспан денесі Күнге тез жақындап, оның айналасында әуелі бұлт, кейіннен шаң ізі пайда болды. Қазір кометаның құйрығы өскені сонша, оның бұрыштық шамасы 2,5 градусқа жетті. Қазақстандық астрофизик Светлана Мошкинаның айтуынша, құйрықты жұлдызды жай көзбен байқауға болады.

“Алматылықтар бұл көріністі 9-10 қазанда күн батқаннан кейін байқай алады. Күн батыс жақтан батып, қараңғылана бастайды. Сол сәтте құйрықты жұлдызды көре аласыз. Ядроның өзі бірнеше күннен кейін пайда болады”, – деді Фесенкова атындағы астрофизика институтының ғылыми қызметкері Светлана Мошкина.

Өкінішке қарай, ауа-райы кометаны байқауға кедергі келтіруі мүмкін. Қазір Қазақстанға атлантикалық циклон жақындап келеді. Себебі 11 қазанда аспанды толығымен бұлт басады. 14 қазанға қарай атмосфералық жағдай жақсарады. Дегенмен, еліміздің батыс өңірінің тұрғындарының жолы болмақ.

“Атырау, Орал тұрғындары әдемі құбылысты бақылай алады. Себебі теңіз үстіндегі аспан Алматы тауларынан әлдеқайда жақсырақ”, – деді Светлана Мошкина.

12 қазанда құйрықты жұлдыз планетамызға жақындайды. Қашықтық жарты астрономиялық бірлікке жуық болады – шамамен 70 миллион километр.

Күннен алыстаған сайын комета ядросының бетіндегі температура бірте-бірте төмендей бастайды. Сондай-ақ оның жарығы әлсірейді. 24 қазаннан кейін аспан нысанын тек дүрбі немесе телескоппен көруге болады. Тағы бір қызық деталь: кометаның орбитасы қайта оралмайды. ATLAS күн жүйесінен мәңгілікке кетеді.