Жигули Дайрабаев президенттікке кандидат ретінде тіркелуге құжат өткізді

0
638

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.


Жигули Дайрабаев президенттікке кандидат ретінде тіркелуге құжат өткізді

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы президенттікке «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» атынан кандидатурасын ұсынған Жигули Дайрабаевтың тиісті құжаттарын өткізгенін мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«5 қазанда ҚР Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Жигули Молдақалықұлы Дайрабаевтың «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары ұсынылды», - делінген ОСК хабарламасында.

Ұсынылған құжат тізімінде:

1. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
2. Ж.М. Дайрабаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері бар.

Айта кетерлігі, Жигули Молдақалықұлы тілшілерге берген сұхбаттарында өзінің салауатты өмір салтын ұстанатынын, өткен жылы бүкіл Қазақстанды аралап шыққанын, өзінің халық үшін әлі де қызмет етуге даяр екенін айтқан болатын.