Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды ақтау үкімін шығарды

0
496


Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды ақтау үкімін шығарды

ERNUR.KZ. Жоғарғы сот журналистер Сейітқазы мен Әсет Матаевты ақтады. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі жетекшісі Айдос Сәдуақасов мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты қылмыстық істі қарап, қылмыстық істі жаңадан апелляциялық сот отырысына жіберді. 24 маусымда Жоғарғы сотқа келіп түскен наразылықта бас прокурор іске қатысты елеулі мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық болмауына байланысты сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі жаңа апелляциялық қарауға жіберуді сұрады. Жеті судьядан тұратын Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бүгін, 19 шілдеде наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды. Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Ақталғандарға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттеріне байланысты келтірілген зиянды өтеу құқығы танылған. Наразылық ішінара қанағаттандырылды.