​Жолаушылар пойызы тоқтатылады: Атырауда қатаң карантиндік шаралар қолға алынуда

0
855

Бүгінде Атырауда коронавирус инфекциясының 336 жағдайы тәулігіне тіркеліп отыр.


​Жолаушылар пойызы тоқтатылады: Атырауда қатаң карантиндік шаралар қолға алынуда

Атырауда қатаң карантиндік шаралар қолға алынуда, «Бұл туралы Атырау облысына үкіметтік комиссияны бастап келген Премьер министр орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте мәлімдеді» деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінде Атырауда коронавирус инфекциясының 336 жағдайы тәулігіне тіркеліп отыр. Бұл республика бойынша өте үлкен көрсеткіш. Қазіргі уақытта Атырау қаласы және Жылыой ауданы инфекция ошағы болып отыр. Жедел жәрдемге шақырулар екі есеге өскен. Эпидемиологиялық ахуалды реттеу үшін, жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып, төмендегідей шешім қабылданды. Алматы - Атырау, Ақтөбе – Атырау, Маңғыстау - Атырау бағытындағы жолаушылар поезы тоқтатылады. Кафе, мейрамхана, қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік емес дүкендер үйге жеткізу қызметі арқылы жұмыс істейді. Отбасылық шараларға тыйым салынады. Тәртіп бұзушыларға қатаң шаралар алынады. Вахталық ауысымдағы жұмысшылар жұмысқа келер алдында үш күн бұрын тұрғылықты жерінде ПТР тесттен өтуі міндетті. Жұмыс берушілер аталмыш талаптың орындалуына тікелей жауап береді», деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Сонымен бірге, Атырау облысы әкімдігіне дәріханаларды бірінші қажеттіліктегі дәрілермен қамтамасыз ету, 20 шілдеге дейін инфекциондық орындардағы керует санын 350-ге дейін ұлғайту, мобильді топтардың санын 120-ға дейін көбейту, кислородтық стансалар санын ұлғайту және медициналық кадр мәселесін шешу тапсырылды. Сондай ақ, пандемиямен күреске жеке медицина секторы тартылады.