Жүргізуші автобусқа жол бермеген: Алматы облысында жантүршігерлік апат болды

0
2 474

Жол-көлік оқиғасы Алматы облысындағы Талғар - Ақбұлақ жолында болды.


Жүргізуші автобусқа жол бермеген: Алматы облысында жантүршігерлік апат болды

ERNUR.KZ. Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиғаның видеосы Желіде жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Апаттың кадрлары Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында пайда болды. Фото мен видеодан автобустың жеңіл көліктің алдынан түгін қалдырмағанын көруге болады. Жол-көлік оқиғасы Алматы облысындағы Талғар - Ақбұлақ жолында болды.




"1980 жылы туған ер адам қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Автокөліктерде жолаушылар болмаған", - делінген хабарламада.

Оқиғаға Алматы облыстық полиция департаменті өкілі пікір білдірді. Ведомстводағылар апат 9 наурызда сағат шамамен 8.00-де болғанын айтты.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісі ПАЗ-3206 жүргізушісіне жол бермеген. Салдарынан екеуі соқтығысты. Оқиға болған жерде Mitsubishi Galant көлігінің 41 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды, басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті полиция департаменті өкілі.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.