1 литр СУ + 1 қасық ТҰЗ = АҒЗАНЫ артық заттан тазартады

0
27 139

Емге керегі - тұз, су, лимон.


1 литр СУ + 1 қасық ТҰЗ = АҒЗАНЫ артық заттан тазартады

фото:puretouchlaser.com

Тұздың емдік қасиеті өте мол. Тамағыңыз жыбырласа, мұрныңыз қышыса, тісіңіз ауырса көпшілігіміз алдымен тұз сумен шаямыз. Табиғи әрі қауіпсіз тұздың мұнан өзге де ауруларға ем екенін білесіз бе?


Шлакты кетіреді

Сіздің ағзаңыз бірнеше жылдан бері улы заттар мен шлакқа толған. Мұны жоққа шығара алмайсыз. Бірақ құтылудың жолдары бар. Соны бірі – тұз су.

Ішекті тазарту үшін тұз су ішесіз. Емді жүргізуге 1 литр су мен 1 ас қасық тұз қажет. Ыдысқа суды құйып, отқа қойыңыз. Қайнап шыққан соң 1 ас қасық тұз араластырып, оттан аласыз. Жылыған кезде шыны ыдысқа сүзіп құйыңыз. Дәмі ұнамаса 2-3 тамшы лимон шырынын қосыңыз. Дайын болған емдік суды 3-ке бөліп, күніне 3 рет ішесіз. Емделу мерзімі – 5 күн.

Ескеріңіз! Ем кезінде әжетхана қағазын қолданбайсыз. Дәретке барғанда тек қана жылы сумен жуыныңыз. Егер тікішектің шығар тұсы қызарып жайсыздық тудырса, нәрлендіретін крем немесе өсімдік майын жағасыз. Ем кезінде ішкен 15 стақан тұз су сіздің ағзаңызды шлактардан толықтай тазартады.


Гайморит пен созылмалы ринитті емдейді

Жарты стақан жылы суға жарты шай қасық тұз араластырыңыз. Тұз еріген соң сүзіп алып, күніне 2-3 рет 1-2 тамшыдан мұрныңызға тамызасыз. Тұз су мұрынның шырышты қабығының қабынуын емдейді, тыныс жолдарындағы бактерияны өлтіріп, инфекциямен күреседі. Сонымен қатар мұрыннан аққан суды тоқтатады.

фото: yarozhden.ru

Тыныс жолдары мен өкпені тазалайды

Тұздың құрамындағы кальций, күкірт және басқа да минералды заттар суыққа қарсы күреседі әрі микробты жояды. Ол үшін тамағыңызды күніне 4-5 рет тұз сумен шаясыз. Тұз су тамақтың қызарғанын кетіреді әрі өкпедегі қақырықты сыртқа шығарады.


Күйзеліспен күреседі

Йод, бром мен магний жүйке жүйелеріне пайдалы. Ал бұл заттарды тұздың құрамынан аласыз. Ол үшін ваннаны жылы суға толтырып, тұз араластырасыз. Сонан соң тұзды суға түсіп, 15-20 минуут бұлау қабылдайсыз. Бұл ем ағзаны Д дәруменімен қамтиды, тері тесіктерін тазартады әрі ағзаңызды сергітеді.


Тері ауруларынан айықтырады

Экзема, псориаз, терідегі жараның ең тиімді әрі сенімді емі – тұз су. Емдік қасиеті мол сумен жараны жусаңыз, жуық арада оң нәтижесіне көз жеткізесіз. Ай толмай-ақ жараның беті қарайып, жазылады.


Артық салмақтан арылтады

Ол үшін ваннаға ыстық су толтырып, тұз араластырасыз. Салқындаған кезде ваннаға түсіп, 15 минут жатыңыз. Бұл су қан айналымды жақсартады, ағзадағы артық сұйықтықты шығарады.

фото:vk.com

Жүректі сақтайды

Дәрігерлер жүрек қан тамыр ауруларында суға шомылуға кеңес береді. Өйткені су жүрек бұлшық еттері мен тамырларын шынықтырады әрі белсенді жұмыс істеуге септігін тигізеді. Жүректі аурудан қорғау үшін құрамы калий элементіне бай тұз сумен шомылыңыз.


Қызыл иектің қанауын тоқтатады

Тісіңіз ауырып, қызыл иек қанап бастаса, тез арада тұз сумен шайыңыз. Ол тісті аурудан, қызық иекті қабынудан сақтайды. Ал құрамындағы кальций тіс эмалін қатайтады, тіс жегісін қақтан тазалайды.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.



Аударған - Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Бастағы БИТтен құтылудың БЕС жолы

БАЛА көтеруге көмектесетін АЛТЫ мүмкіндік


БАУЫРДЫ тазалауда қателесуге жол бермейтін БЕС қағида