АҒЗАНЫ тазалайтын ТАҢҒЫ ем

0
7 090

Осы 3 тапсырманы орындасаңыз болғаны...


АҒЗАНЫ тазалайтын ТАҢҒЫ ем

фото: smihub.com


Тек таңертең ғана жүзеге асыратын бұл емнің пайдасы орасан. Нақтырақ айтқанда, зат алмасуды жақсартады, ішектің жұмысын реттейді, артық салмақтан арылтады әрі түрлі аурулардың алдын алады. Бұл емді жасау түк қиын емес. Бар-жоғы таңертең мына 3-ақ тапсырманы орындайсыз.


1. ЛИМОН ҚОСЫЛҒАН СУ

фото: mykorus.ru

Ағзаны токсиннен тазартып, ішектің жұмысын жақсарту үшін таңертең 1 стақан жылы су ішуді әдетке айналдырыңыз. Егер оған бірнеше тамшы лимон шырынын қоссаңыз, емдік әсері күшейе түседі.

Лимон қосылған су ағзаға сергектік сыйлайды, теріні жасартады, көңіл-күйді көтереді. Сонымен қатар, тұмау, суық тию, жөтел сынды дертке тосқауыл болады.


2. ЖҰМЫРТҚА ЖЕҢІЗ

фото: sm-news.ru

Таңғы асқа міндетті түрде кем дегенде 1 дана қайнатылған жұмыртқа жеңіз.

Жұмыртқа – ақуыздың қайнар көзі болып табылдаы. Ал ақуыз өз кезегінде ішектің жұмысын жақсартуға септігін тигізеді. Егер жұмыртқаға 1 кесе ботқа мен 1 дана кез келген жеміс қоссаңыз, ағзаны қажетті дәруменмен байытасыз. Асқазаныңыздың жұмысын жеңілдетесіз.


3. АЛМА

фото: diabetik.guru

Таңғы ас жеп болған соң 1 дана алма артық болмайды. Бұл ішектің дұрыс әрі жылдам жұмыс істеуіне ықпал етеді. Алма – зат алмасудың жұмысын жақсартатын пектинге бай.

Сондай-ақ, құрамындағы пайдалы әрі бағалы заттарының арқасында ағзаны минералға, дәруменге байытады. Нәтижесінде, иммундық жүйеңіз нығайып, гемоглобин көтеріледі.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: sovetik.club




Аударған: Л.АХМЕТОВА,

Тағы оқыңыз: