Ерте қартайғыңыз келмесе, бал мен даршынды араластырып қолданыңыз.
фото: poleznii-site.ru
Бойыңызды әлсіздік билеп, шаршауды жеңе алмай жүрсеңіз, оған қамығудың қажеті жоқ. Бар болғаны бал мен даршынның (корица) көмегіне жүгінесіз. Біз ұсынған төмендегі кеңестер әлсіздікті емдеп қана қоймайды, сонымен бірге жүрек, цистит, артрит, асқазан ауруларына да дауа болады. Егер 3 күннен 7 күнге дейін үзбей жасасаңыз, бойыңыз сергіп, құлшынысыңыз оянып, өзіңізді қуатты сезінесіз.
ЖҮРЕК
Таңғы асқа бал жағылып, даршын ұнтағы себілген нан жеңіз. Бұл холестерин деңгейін реттейді әрі инфаркттан сақтандырады. Тіпті, инфаркт алған науқасқа ем ретінде бал мен даршын ұсынсаңыз болады.
ӘЛСІЗДІК
фото: omsk-vrachi.ru
1 стақан қайнатылған жылы суға 1/2 ас қасық бал мен даршын араластырып ішіңіз. Емді таңертең ашқарынға және сағат 15:00-де қабылдаңыз. Бұл сіздің бойыңызды қуаттандырып, күш-жігеріңізді жақсартады.
АРТРИТ
Күніне 2 рет бал мен даршын қосылған су ішіңіз. Оны дайындау үшін 1 стақан жылы суға 2 шай қасық бал мен 1/2 шай қасық даршын араластырасыз. Егер үзбей 7-10 күн қабылдасаңыз созылмалы артриттен құлан таза айығасыз.
ХОЛЕСТЕРИН
2 ас қасық бал мен 3 шай қасық даршынның көмегімен қандағы холестерин деңгейін реттеуге болады. Ол үшін белгіленген мөлшерде емдік қасиеті мол қоспаны 2 стақан қайнатылған жылы суға араластырып ішесіз. Нәтижесін 2 сағаттың ішінде байқайсыз.
ИММУНИТЕТ
Бал мен даршынды үзбей қолданатындардың иммунитеті мықты, ағзасы сау болады. Сондай-ақ бактерия мен вирустан сақтанады. Себебі бал мен даршын ағзаны түрлі аурумен күресуге қуаттандыруға қабілетті.
ЦИСТИТ
Қуық қабынып, цистит мазалағанда бал мен даршын қосылған су ішіңіз. Ол үшін 1 стақан қайнатылған жылы суға 2 ас қасық даршын мен 1 шай қасық бал араластырасыз. Бұл емдік қасиеті мол сусын несеп жолындағы инфекцияны жояды.
ШАШТЫҢ ТҮСУІН ТОҚТАТАДЫ
Шағын ыдысқа 1 ас қасық жылы зәйтүн майын, 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық даршын салып, жақсылап араластырасыз. Дайын болған қоспаны шашыңыздың түбіне жағыңыз. Шамамен 15 минуттан соң шашыңызды жылы сумен жууға болады. Оң нәтижесін бір қолданғаннан-ақ байқайсыз.
ТЕРІ мен ТЫРНАҚ саулығын арттырады
Бірдей көлемде бал мен даршынды араластырасыз. Емдік қоспаны теріңіздің, тырнағыңыздың жарақаттанған жеріне жақсаңыз, керемет ем болады. Бұл қоспа теміреткі мен теріні инфекциялық аурулардан қорғайды.
АСҚАЗАН
фото: roddsanchez.com.au
Бүгінде көпшілігіміз ораза ұстадық. Күні бойы аш жүріп, ауыз ашқан кезде асқазанымызды ойламай тоя тамақтанып қалғанымызды байқамаймыз. Соңынан асқазан ауырып, өзіңізді жайсыз сезінесіз. Тап осы кезде 1/2 шай қасық даршын ұнтағын 2 ас қасық балға қосып жесеңіз, асқазаныңыз жеңілдейді әрі кез келген ауыр тамақты оңай сіңіреді. Емді тамақпен бірге қабылдау керек.
БАЛҒЫН ДЕМ
Таңертең ұйқыдан тұрғанда алдымен тісімізді тазалауға ұмтыламыз. Егер күнде таңертең тіс тазалаудан алдын немесе кейін даршын мен бал қосылған жылы сумен тамағыңызды, ауыз қуысын шаятын болсаңыз, күні бойы аузыңыздан балғын иіс шығатын болады. Тіпті, таңертеңгі тіс тазалауға жүгіруді де қоясыз.
ТҰМАУ
3 күн бойы үзбей бал мен даршын қабылдасаңыз тұмауды, жөтелді, мұрыннан су аққанды емдейсіз. Ол үшін 1 ас қасық балды жылытасыз. Оған 1/4 шай қасық даршын ұнтағын араластырып, ішке қабылдайсыз. Емді күніне 3 рет 3 күн бойы жүргізіңіз.
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Дереккөз: 1000 полезных советов
Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
АУЫЗ ҚУЫСЫ қандай АУРУМЕН ауыратыныңызды "АЙТАДЫ"