БАЛ мен СОДА – нағыз емдік «қоспа» болмақ.
фото: malteseworld.ru
БАЛ қосылған СОДА – бірнеше сырқатқа ем екенін білесіз бе? Әрқайсысының құрамындағы пайдалы заттары бір емес бірнеше дертке дауа болады. Ем ретінде қолданудан алдын бал мен соданың пайдалы әрі зиянды жағын жақсылап біліп алыңыз.
БАЛ
Балдың пайдалы қасиеті ежелден белгілі. Оның құрамында адам ағзасы үшін аса пайдалы фруктоза, глюкоза және көмірсу бар. Ал бұл заттар адамды қуаттандырып, күш-жігер сыйлайды. Сонымен қатар саулығыңызды арттыруға септігін тигізетін дәрумендер мен минералды заттардың қайнар көзі болып табылады.
Бал – бактериямен, вируспен күресуге қабілетті. Сондай-ақ, суыққа қарсы ем болады, иммунитетті нығайтады, жалпы ағзаны жақсартады.
АС СОДАСЫ
Соданы ас үйде көп қолданады. Десе де, медициналық қасиетін де байқап көруге болады. Ең алдымен сода стоматологиялық ауруларды емдеуге ұсынылады. Оған қоса, тамақ ауруын да емдейтін қабілеті бар. Сонымен қатар:
- Сілтілік-қышқылдық балансты реттейді;
- Қанның ұюын болдырмайды. Соданың құрамындағы натрий гидрохлорид қанды сұйылтады.
- Холестерин деңгейін төмендетеді;
- Улы токсинді шығарады;
- Қартаюдың алдын алады.
Міне, екеуінің пайдасы ұшан-теңіз екенін білдіңіздер. Ал:
фото: gaimorit-stop.ru
БАЛ мен СОДА – нағыз емдік «қоспа» болмақ. Мұны ішке ғана емес, сыртқы аурулардан айығуға да қолдануға болады. Нақтырақ айтқанда:
- Асқазан-ішек жолдарындағы проблемаға нүкте қояды. Мәселен, іш қату, іш өту, іш кебу сынды аурулардан айықтырады;
- Гайморитті емдейді;
- Жөтелді қойдырады;
- Дерматологиялық аурулардың алдын алады. Терідегі қара нүктені, қабыршақтануды, кеңейген тесіктерді қалпына келтіреді;
- Артық салмақтан арылтады;
- Зең ауруларын емдейді.
Ең бастысы ағзаны ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ВИРУСТАН қорғайды.
БАЛ мен СОДА мына 4 ауруды емдейді:
ЖӨТЕЛ
Тамақтың жыбырлағанын, қышығанын басып, жөтелді қойдыру үшін мына сусынды әзірлеңіз. Ол үшін 200 мл сүтті отқа қоясыз. Қайнап шыққан соң 1 ас қасық сода қосып, оттан аласыз. Салқындаған кезде 1 ас қасық сұйық бал араластырып, ішесіз. Емді 5-7 күн жүргізіңіз. Емдеу күшін арттыру үшін сүтті аз жұтымнан ішу керек.
ГАЙМОРИТ
- Бұл екі қоспаны араластырғанда бактерияның көзін жоятын күшке ие болады. Ал гайморитті емдеу үшін 2:1:1 көлемінде алоэ шырынын, сода мен балды араластырасыз. Дайын болған сұйықтықты 2 тамшыдан мұрныңызға тамызыңыз. Емді күніне 2 рет жүргізесіз. Емделу мерзімі – 1 апта.
- Ал 0,5 стақан жылы суға бірдей көлемде сұйық балды, тұз бен соданы араластырып, мұрныңызды жусаңыз, апта өтпей-ақ гаймориттен құлан таза жазыласыз. Емді тәулігіне 2-3 рет қайталауға болады.
фото: mirpchely.ru
ІШЕК
ЕСКЕРТУ! Бұл емді қолданудан алдын міндетті түрде учаскелік дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Сонымен қатар ем кезінде суды көбірек ішу керектігін ескертеміз.
- Ағзаны токсиннен тазалау үшін 50 мл суға шамалы бал мен 1 шай қасық сода араластырып, ішесіз.
- Ішектегі проблеманы жою үшін 400 мл суға 1 шай қасық бал, 1 шай қасық лимон шырыны мен шым-шым сода қосып, ішесіз. Емді күніне 2 рет жүргізу керек.
АРТЫҚ САЛМАҚ
Ағзаға түскен сода май клеткаларын бұзып, артық салмақпен күреседі. Ол үшін:
- 200 мл суға 1 шай қасық бал, жарты шай қасық сода мен 1 ас қасық лимон қышқылын араластырып ішесіз. Бұл емді тамақтанудан алдын және тамақтан кейін жүргізу керек.
- Ұйқыға жатардан алдын мына коктейльді әзірлеп ішкен дұрыс. 1 стақан кефирге 1 шай қасық бал мен сода қосасыз. Егер тәбетіңіз тартса көктерді де қосуға болады.
- Ал терідегі проблемадан құтылу үшін мына скрабты қолданасыз. Тазартушы скрабты дайындау үшін ұнтақталған сұлы жармасына 1 шай қасық балды, сода мен теріні жуатын гельді араластырасыз. Дайын болған қоспамен бетіңізді, қолыңызды, мойныңызды, тіпті аяғыңызды тазалауға болады. Аптасына 2 рет жүргізу арқылы керемет нәтижеге қол жеткізесіз.
фото: mirpchely.ru
БАЛ мен СОДАНЫ мына НАУҚАСТАРҒА қолдануға БОЛМАЙДЫ
- бал мен содаға аллергиясы барларға;
- қант диабетімен ауыратындарға;
- асқазанда жара мен гастрит болса;
- жүкті және емізулі аналарға;
- кішкентай балаларға қолдануға ҚАТАҢ түрде ТЫЙЫМ салынады!
Егер БАЛ мен СОДАНЫ дұрыс қолдана алмасаңыз мынадай БЕЛГІЛЕР байқалады:
Тері іседі, құрғайды және тітіркенеді. Тіпті күйік шалуы да ықтимал. Сондықтан да мұндай жайсыздықтар орын алса, дереу ДӘРІГЕРГЕ қаралыңыз.
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Дереккөз: vilkin.pro
Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
ҚАН ҚЫСЫМЫ: КӨТЕРІЛСЕ немесе ТҮССЕ онда АСКӨК жеңіз
БАЛ мен СОДА мына ТӨРТ түрлі АУРУДЫ емдейді
КОРОНАВИРУС пен ПНЕВМОНИЯДАН сақтану үшін МЫНА үш ДӘРУМЕНДІ ішу керек