БОРЖОМИ + СҮТ - ЛАРИНГИТТІ емдейді

0
8 615

Төменде жазылған әдісті қолдансаңыз, ұзағымен 5-7 күнге ауруыңыздан біржолата айығасыз.


БОРЖОМИ + СҮТ - ЛАРИНГИТТІ емдейді

фото: bolezni.com


Ларингит – көмекейдің өткір және созылмалы ауруы. Бұл кезде дауыс жоғалады, жөтел қылғынып шығады, тамақ жолдары құрғайды әрі көкірек тұсы қатты ауырып мазалайды.

Ларингит вирустық инфекцияның салдарынан пайда болады. Вирус көмекейдің шырышты қабатын зақымдап, қабынуына әкеледі. Мұны емдеу үшін терапевт дәрігердің тексерілуінен өтіп, қажетті ем-шараларын қабылдау қажет. Егер сіз дәрі іше алмай, екпе салдыруға қорқатын болсаңыз, онда халықтық әдіспен дертіңізге дауа табыңыз.


Ларингиттің пайда болуына –

  • салқын тию;
  • салқын су немесе салқын тамақ ішіп-жеу;
  • мұрынның бітелуі;
  • салқын ауамен тыныстау себеп болады.

Егер сізде ларингиттің белгілері біліне бастаса, уақыт созбай емделіңіз. Төменде ұсынылған әдістер суыққа қарсы күресетін, бактерияны өлтіретін, ауруды жеңілдетіп, тамақ жолдарын жұмсартатын қасиетке ие. Бұл дертті емдеу үшін осы әдісті қолдансаңыз, ұзағымен 5-7 күнде ауруыңыздан біржолата айығасыз.

фото: lor-24.ru


СҮТ пен МАЙ

Бізге ем үшін жай май емес, какао майы керек. Оны кез келген дәріханадан таба аласыз. Ем үшін 1 стақан жылы сүтке жарты шай қасық какао майын қосасыз. Егер тәбетіңіз тартса 1 шай қасық бал араластырып ішіңіз. Аталған сұйықтық тамағыңыздың жыбырлағанын басып, жөтелді жұмсартады.


СҮТ пен ӘНІС дәні

1 стақан сүтті ыдысқа құйыңыз. Оған 1 ас қасық әніс (анис) дәнді қосып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң оттан алып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 15 минуттан соң тұнбаны сүзіп алыңыз. Емдік сусынға 1 ас қасық бал араластырасыз. Дайын болған тұнбаны жылы күйінде әр 30 минут сайын 1 ас қасықтан қабылдаңыз.


СҮТ пен ІНЖІР

1 стақан сүтті ыдысқа құясыз. Оған 2-3 дана кептірілген інжір жемісін салып, отқа қоясыз. 2 минуттай қайнаған соң оттан алып, жылы орап қойыңыз. Шамамен 15-20 минуттан соң сүтті сүзіп алып, 3 ас қасықтан күніне 5-6 рет ішесіз. Інжірді жесеңіз де болады. Бұл емдік сұйықтық жұтқыншақ жолдарын тыныштандырады әрі жұмсартады. Тамақтың қарлыққанын кетіреді, жөтелді тоқтатады.

фото: kaz.365info.kz


Емдік ШӨПТЕРДЕН ингаляция

Халық емінде көптеген емдік шөптерді кеңінен қолданады. Ал ларингитті емдеу үшін сәлбен (шалфей), түймедақ (ромашка), өгейшөп (мать-и-мачеха), жебіршөп (чабрец), шайқурай (зверобой), жөке (липа) және қырмызыгүл (календула) секілді шөптерді алады. Аталған шөптердің әрқайсысынан 1-1 ас қасықтан алып, араластырасыз. Оның 1 ас қасығын жарты литр қайнаған суға салып, жылы орап қоясыз. Шамамен 5-10 минуттан соң ыстығы басылған тұнбаға жақындап, аузыңызды аша отырып, дем алыңыз.


СӘБІЗ шырыны мен БАЛ

1 дана сәбізді жуып, қабығын аршып тазалаңыз. Сосын шырынсыққышқа салып, шырынын аласыз. Балғын шырынға бірдей көлемде бал араластырып, 1 шай қасықтан күніне 5-6 рет қабылдайсыз.

Аталған шырын қоспасы жөтелді, мұрынның бітелуін, тамақтың ауырғанын, қарлыққанын емдеуге қабілетті.


ҚЫРЫҚҚАБАТ шырыны

Қырыққабатты кесектеп турап, шырынсыққышқа салыңыз. Дайын болған шырынды жылытып, 1 ас қасықтан ішесіз. Емді күніне 5-6 рет қабылдау керек. Емді қабылдағаннан кейін жарты сағаттан соң тамақ жеуге болады.


Қызыл БҮРГЕН тұнбасы

Бүрген жидегін тазалап жуып, ыдысқа саласыз. Оған татымына қарай шекер араластырып, тоңазытқышқа қоясыз. Егер сіздің денсаулығыңызға байланысты қант жеуге болмайтын болса, оны балмен алмастыруға болады.

Сонымен балғын жидектің бір уысын алып, ыдысқа саласыз. Оған 1 стақан қайнаған су құйып, жылы орап қойыңыз. Шамамен 20-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, күніне бірнеше қасықтан ішесіз.

Бүрген тұнбасы суыққа қарсы күреседі, қызуды түсіреді, мұрынның бітелуін емдейді, тұмаудан сақтайды, тамақ ауруларынан қорғайды.


ЕСКЕРТУ! Бүрген тұнбасын қан қысымы төмен жүретін жандарға ішуге БОЛМАЙДЫ.


АЛОЭ шырыны мен БАЛ

Ұзақ жылдық алоэ гүліне 12-14 күндей су құймайсыз. Белгіленген күннен кейін алоэ жапырағын сығып, шырынын аласыз. Дайын болған шырын мен табиғи таза балды 2:1 көлемде араластырып, 1 шай қасықтан күніне 3 рет қабылдайсыз.

фото: 101hairtips.com


ЖҰМЫРТҚА мен БАЛ

Жұмыртқаның сарыуызын көпіршітіп алыңыз. Оған 70-80 гр. ерітілген сары май мен 1 ас қасық бал араластырыңыз. Дайын болған қоспамен тамағыңызды, құлақ тұсын сүртіңіз. Осы қоспаның 1 шай қасығын күніне 3 рет қабылдайсыз.


БОРЖОМИ мен СҮТ

0,5 стақана «Боржоми» минералды суына 0,5 стақан сүт араластырып, отқа қойыңыз. Жылыған кезде оттан аласыз. Оған 1 шай қасық бал, 1 шай қасық коньяк пен 1 шай қасық сары май араластырып, жылы күйінде ішесіз.


ЕСКЕРТУ!

Егер қызуыңыз көтеріліп, тыныс алуыңыз нашарласа, жұтуыңыз қиындаса, онда жоғарыда көрсетілген халық емін қолданбауға кеңес береміз. Уақыт жоғалтып, ауруыңызды асқындырып алуыңыз ғажап емес. Сондықтан да медицина мамандарының ұсынған емін қабылдаған әлде-қайда пайдалы әрі сенімді болады.


Ем кезінде алкоголді ішімдік ішпеңіз, ащы әрі тұзды тағамды шектеңіз, мейлінше қайнатылған сұйық тағам дайындаңыз. Темекіден, кофеден бас тартыңыз. Шайды да, шырынды да, тіпті тамақты да тек жылы күйінде қабылдау керек. Сұйықтықты көбірек ішіңіз. Әсіресе лимон қосылған шайдың пайдасы ерекше екенін ескеріңіз.

Жатын бөлмені желдетіп отырыңыз. Күніне 3-4 рет 3-5 минутқа ғана таза ауаға шығыңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды



Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Неге ДӘРІГЕРЛЕР бұл ТАҒАМДАРДЫ жеуге БОЛМАЙДЫ дейді?


Мына АЛТЫ жағдай ИММУНИТЕТТІ әлсіретеді


Тістің ҚИСЫҚ шығуына ерте жаста ЖҰЛДЫРУ себеп болады – дәрігер