​ҚҰМ мен ТҰЗ - БЕЛ ауруынан айықтырады

0
16 233

1 келі құм мен тұздың көмегімен бір күнде сап-сау болып шыға келесіз.


​ҚҰМ мен ТҰЗ - БЕЛ ауруынан айықтырады

фото: osankasovet.ru

Бүгінде белі ауырмайтын адам кем шығар. Белдің ауруына басқа ағзаның саулығы да әсер етеді. Бел ауруларына:

  • арқа;
  • омыртқа;
  • құйымшақ;
  • омыртқа арасындағы жарық;
  • бүйрек;
  • бұлшықеттің қабынуы;
  • суық тию;
  • дәрумен тапшылығы;
  • семіздік;
  • әйелдердегі гинекологиялық аурулар себеп болады.


Тіпті, жайсыз жатып қалсаңыз немесе жаяу жүрсеңіз беліңіз үзіліп түсердей мазасызданасыз. Сондықтан да бел ауруының нақты неден болып жатқанын анықтап алыңыз. Ешқандай ағзада кінәрат болмай, тек беліңіз ауырып жүрсе, мына ем-домның көмегімен аз күнде айығып кететініңізге сенімді болыңыз.


СІРКЕ СУЫ мен БАЛ

1 ас қасық бал мен 0,5 шай қасық сірке суын араластырыңыз. Қоймалжыңды қырыққабаттың бір жапырағына салып, беліңізге қоясыз. Сыртынан жылы орамал орап, жарты сағаттай жатыңыз. Емді күніне 3 рет қайталасаңыз ауруыңыздан айығасыз.


АҚЖЕЛКЕК пен ҚАЙМАҚ


фото: yandex.kz

1 дана тұрыпты немесе ақжелкекті майда үккіштен өткізіңіз. Оған бір ас қасық қаймақ қосып, мұқият араластырасыз. Дайын болған қоймалжыңды беліңізге жағып, бетіне кленка жабыстырасыз. Беліңізді жылы орап, 1-1,5 сағаттай жатыңыз.

Бұл ем бел ауруынан біржолата құтқарады.


ПИЯЗ

1 дана ірі пиязды блендермен майдалап аласыз. Оны беліңізге жағып, сыртынан жылы ораңыз. Осылайша таңға дейін жатсаңыз, ауруыңызды түбегейлі естен шығарасыз.


ҚЫША БҰЛАУЫ

200 гр. қыша ұнтағын ыстық су толтырылған ваннаға салып, араластырыңыз. Емдік суы бар ваннада 15 минуттай жатсаңыз, бел ауруынан құтыласыз.


ҚЫША мен СІРКЕ СУЫ

2 шай қасық сірке суы мен 2 шай қасық қышаны араластырыңыз. Дайын болған қоспаны бірнеше қырыққабаттың жапырағына салып, беліңізге қоясыз. Сыртынан жылы орап, жатыңыз.


ЕСКЕРІҢІЗ! Қоспа қышқыл болғандықтан біраз жайсыздық тудырады. Ем үшін кішкене шыдауға кеңес береміз.


ҚҰМ

фото: thaispajasmin.wordpress.com


Жарты келі құм немесе тұз қажет. Оны жақсылап қыздырып алып, кенеп қапқа саласыз. Ыстық қапты беліңізге қойып, сыртынан жылы оранып жатыңыз. Беліңіз аздап шаншып ауырып бастайды, шамалыдан соң рахаттанып, терлетеді.


ТҮЙМЕДАҚ пен ЭВКАЛИПТ

100 гр. кептірілген түймедақ пен эвкалипт жапырағын 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 5-10 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, ваннаға құйыңыз. Оның үстіне қажетінше жылымық су толтырып, ваннаға түсесіз. Ваннадан шыққан соң қалың киініп, жылы оранып жатасыз.


Беліңіз ауырып жүрген кезде тамақтану мәзіріңізге де мұқият болыңыз. Құрамы дәрумендер мен минералды заттарға бай тағамдарды тұтынуға әдеттеніңіз. Нақтырақ айтқанда:


  • СҮТ – омыртқаға қажетті кальций элементінің қайнар көзі болып табылады;
  • АНАР – қан айналымды жақсартып, тезірек сауығып кетуге септігін тигізеді;
  • ЖҰМЫРТҚА – омыртқааралық дисктің жұмысын жақсартып, бұлшық етті қатайтады;
  • ҚЫЗЫЛША – жүйке жүйесін тынықтырады.
Бұған қоса күнде ашқарынға 2-3 тіс сарымсақ жеуге әдеттеніңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТІС ауруын 7 тамшы ЙОД емдейді

Жүгері ШАШАҒЫНЫҢ емдік ҚҰПИЯСЫ бар