​СУ ағзадағы АУРУЛАРДЫ "жуады"

0
13 089

7-сәуір – «Дүниежүзілік денсаулық күні». Айтулы күнге орай өз саулығыңызға көңіл бөліп, жалпы тексеруден өтуге кеңес береміз.


​СУ ағзадағы АУРУЛАРДЫ

фото: bezmedikov.ru

Қызуыңыз көтерілгенде, ішіңіз жүрмей, үлкен дәрет бұзылғанда, теріңіз құрғап, жарылғанда, көру қабілетіңіз нашарлағанда міндетті түрде дәрігерден кеңес аласыз. Мамандардың ұсынған парағына назар салсаңыз, бірінші кезекте көбірек су ішуді, кейіннен диета ұстауды жазады. Үшінші кезекте дәріханадағы дәрілер тізбектеледі. Осыған қарап-ақ кез келген ауруды сумен емдеуге болатынын аңғарамыз.


Су емі – тегін, пайдалы және нәтижелі. Бастысы, қай ауруға қалай қолдану керектігін білсеңіз болғаны. Мәселен, ревматизм, бас, тахикардия, қаназдық, артрит, семіздік, іш қату, туберкулез, бүйрекке тас байлану секілді аурулар сумен емделеді.

фото: avadaenvironmental.com

Ол үшін емделуді бастаған науқас күнде таңертең ашқарынға жарты литр жылы таза су ішу керек. Сосын 1 сағаттай ас ішіп-жемейсіз.

Ревматизмді емдеу үшін тәулігіне 3 рет жарты литрден су ішесіз.

Суықтаған кезде күніне 2 рет таңертең және кешке 10 жұтым су ішіңіз.

Ал қантамырларының жұмысын 2-3 стақан таза су жақсартады. Емді үзбей күнде жалғастырып отырасыз.

Гастритті емдеуге 3 күн қатарынан жарты стақан су ішесіз. Емді күніне 3 рет қабылдау керек. Бұл емделу әдісі асқазанның қышқылдығын бәсеңдетеді, тәбетіңізді жақсартып, ауырлық сезімін басады.

Көтеуді (геморрой) кетіру үшін сумен тампон жасаймыз. 4-5 рет қабатталған дәкені таза жылы суға малып алып, тік ішекке қойып, 5-7 минуттай жатасыз. Ұйқыға жатар алдында жарты стақан су ішуді ұмытпаңыз. Бұл емді қатаң түрде жүргізіп отырсаңыз, оң нәтижесін 4-5 күнде-ақ байқайсыз.

Қан қысымы тұрақсыз науқастарға да су емінің көмегіне жүгінуге кеңес береміз. Таңертең және кешке тамақтанудан алдын жарты литр су ішуді естен шығармаңыз.

Ал ағзаны шлактар мен улы заттардан тазарту үшін таңертең тамақтанудан алдын тұзды су ішесіз. Емге жарты литрден 2,5 литрге дейін сұйықтық құажет.


Ескеріңіз!

Кез келген адам салмағына қарай мөлшерлі су ішу керек. Мамандар 1 келіге 30 гр. суды белгілеген. Мәселен, сіздің салмағыңыз 70 келі болса, онда сіз тәулігіне 2,1 литр су ішу керексіз. Ал 100 келі салмақты көтеріп жүрген болсаңыз, күнделікті ішетін суыңыз 3 литрді құрайды.

Бұл ережені бұзбай, тәртіпке бағынсаңыз, саулығыңызды арттырасыз, ағзаңызды жасартып, ажарлана түсесіз.


Жапон әдісі сумен емделуде мына нәтижелерді көрсетті:

  • Бас ауруы – 3 күнде;
  • Құлақ, мұрын, тамақ ауруы – 20 күнде;
  • Қан қысымы – 30 күнде;
  • Тыныс жолдары – 4 айда;
  • Семіздік – 4 айда;
  • Қант диабеті – 30 күнде;
  • Эпилепсия (талма ауруы) – 9 айда;
  • Қатерлі ісік – 9 айда;
  • Асқазан – 10 күнде;
  • Қаназдық – 30 күнде;
  • Туберкулез – 6 айда;
  • Жүрек – 30 күнде;
  • Несеп жолдары мен бүйрек аурулары – 10 күнде жазылған.


Бұл әдісті сіз де байқап көрсеңіз болады. Қалтаңызға салмақ салмайсыз, есесіне денсаулығыңызды жақсартып, ағзаңызды тазалайсыз. Нәтижесінде теріңіз жасарады, бойыңызға жеңілдік сыйлайды.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


ДӘРУМЕНСІЗДІК билеген бойды қуаттандыратын ДӘРУМЕН


Көктемгі ШАРШАУДЫ басатын АЛТЫ әдіс


ЗАТ АЛМАСУ бұзылса МЫНА аурулар белең алады