​ЖӨТЕЛГЕН кезде мына КОМПРЕСТІ жасаңыз

0
16 295

Емнің нәтижесін 1 күннен кейін-ақ байқайсыз


​ЖӨТЕЛГЕН кезде мына КОМПРЕСТІ жасаңыз

фото: cysticfibrosisnewstoday.com


Күн салқындағанда кез келгеніміз суықтап ауырамыз. Қызу көтеріліп, бойымызды әлсіздік мазаламаса да, жөтел қысады. Әсіресе түнде тынышымызды алатыны жасырын емес. Бұл жөтелден дәрісіз де құтылуға болады. Ол үшін үй жағдайында мына емдік әдісті қолданып көріңіз.


СҮТ мен САРЫМСАҚ

Жылы сүт – тамақты жұмсартады, қақырықтың оңай шығуына ықпал етеді әрі жөтелді емдейді. Ал сарымсақ тамақ жолындағы инфекцияны жойып, микробтың жайылуына тосқауыл болады.

Ол үшін сүтті жылытасыз. Оған 0,5 шай қасық май, 1 тіс езілген сарымсақ, 1 ас қасық бал мен сілтілі су араластырып, ішесіз. Ал балаларға дәмді әрі ем болатын коктейль дайындап беріңіз.

1 стақан сүтті жылытасыз. Оған бал, банан және какао қосып, блендермен араластырыңыз. Бұл сусындар жөтелді тез емдейді әрі суықтап ауруға жол бермейді.

фото: bars-med.ru

СҮТ пен ШОКОЛАД

Сұйық әрі жылы шоколад тамақ ауруын емдеумен қоса, көңіл-күйді көтереді. Какао – суыққа қарсы күресетін керемет дәрі екенін біліп жүріңіз. Оған қоса, жүйкені тынықтырып, жөтелді де емдеуге қабілетті.

Емдік сусынды дайындауға қара шоколад, сары май мен шекер керек. Алдымен шоколадты үккіштен өткізесіз. Ұнтаққа май мен шекер араластырып, ыдысқа салыңыз. Үстіне қайнаған сүт құйып, бірнеше минут араластырасыз. Емдік сусын салқындаған кезде ішуге болады. Бұл емнің үлкендерге де, кішкентайларға да керемет көмегі тиеді.


КОМПРЕСС

Ылғалды жөтелдің бірден-бір емі – компресс. Көкірекке жасалған компресс өкпе, тамақ, ауыз қуысын толық тазалап, жөтелден тез айықтырады. Жылы компресс қақырықты жұмсартып, қабынуды емдейді әрі көкіректегі сырылды басады.


Спирттен компресс

Теріге май жағып, үстіне жылы спиртке малынған сүлгі қоясыз. Сүлгі тез суып қалмау үшін сыртынан пленка немесе қалың етіп қағаз жауып қойыңыз. Оның сыртынан жылы орап қою керек.


Картоптан компресс

Қайнатылған картопқа май қосып, езіңіз. Жылы езбені көкіректің айналасына жағып, сыртынан пленка жабыстырасыз. Үстіңізге көрпе орап, 10-15 минут жату керек.


Балмен компресс

Балды ерітіп аласыз. Оған май араластырып, көкірегіңізге сіңдіріп жағыңыз. Тіпті табаныңызға, мойныңызға жақсаңыз да болады. Сосын жылы оранып, 3-4 сағат жату керек. Емді түнде ұйқыға жатар кезде жүргізген жөн. Таңертең жылы сумен шайынып аласыз.

Бұл үш түрлі компресс мазаңызды алған жөтелді бір-ақ күнде емдей алады.

фото: ivkult.ru


ШОМЫР мен БАЛ

Шомырды (редька) үккіштен өткізіп, сөлін аласыз. Оған бал араластырып ішсеңіз жөтелдің кез келген түрін емдейді. Оған қоса, қақырықты түсіреді, антисептикалық қызмет атқарады, суыққа қарсы күреседі, иммунитетті көтереді, микробты жояды.

Шомыр – адам ағзасына қажетті барлық дәрумендер мен минералды заттың қайнар көзі болып табылады.

Емдік қоспаны әзірлеу үшін қара шомырдың басын кесіп алып, жұмсағын ойып аласыз. Сонда көптеген сөлі шығады. Енді шомырдың түбіне 2 ас қасық бал саласыз. Жұмсағын басқа ыдысқа салу керек. Оған да бал араластырып, банкіге салыңыз. Ыдысты 12 сағатқа күн тимейтін жерге қойыңыз.

Дайын болған емдік сусынды әр 2 сағат сайын 1 ас қасықтан ішесіз. Үлкендерге 1 ас қасық, кішкентайларға 1 шай қасық болады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: bromhexine.ru



Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АЛЛЕРГИЯДАН айыққыңыз келсе ҚҰРМА жеңіз


Түнде ТЕРЛЕУ қандай ДЕРТТІҢ белгісі?


Бастың айналуын камфора майы тоқтатады