​«8 жыл бұрын келісіп қойғанбыз»: Баян Мақсатқызы қызына не үшін Алиса деп ат қойғанын айтты

0
2 063

«Менің қалауым, менің таңдауым болды»


​«8 жыл бұрын келісіп қойғанбыз»: Баян Мақсатқызы қызына не үшін Алиса деп ат қойғанын айтты

50 жасында үшінші қызын дүниеге әкелген актриса, продюсер Баян Мақсатқызы көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі кішкентай сәбиіне не үшін Алиса деген есімді таңдағанын айтты.


«...Мен осы ретте қызымызды не үшін Алиса деп атағанымызды айтқым келеді. Себебі осыған байланысты сұрақ көп екен. Жалпы, 3-4 сыныпта оқып жүргенде «Алиса – ғажайыптар елінде» деген мультфильм көргем. Сол ертегінің тарихы маған қатты ұнап, кейін кітабын сатып алып оқыдым. Сол кезде кіп-кішкентай қыз бола тұра «Болашақта қыз тусам атын Алиса деп қоямын» деп ойлаған едім. Бірақ бірінші қызым дүниеге келгенде қазақтың салты бойынша атын қоюға бізге мүмкіндік берілмеді. Бірінші баланың атын ата-әжесі қояды деген салттың қайдан шыққанын мен түсінбеймін. Солай Айсәуле деген атты қойды.


Сосын Айару дүниеге келгенде Алиса деп атағым келген. Бірақ бұл жолы менің ата-анам қарсы болды. Ешкім мені қолдамады. «Немене мынау, қазақтың аты емес, қайдағы Алиса?!» деп ата-анам сөйлеген соң үн-түнсіз қоя салдым. Қазір де Алиса деген ат менің мамама ұнамайды. Бірақ мен енді баяғыдай жас емеспін, жасым 50-де. Енді өз қызыма қалаған есімді бере алатын жастамын. Тұрсынға осыдан 8 жыл бұрын «Егер біздің қызымыз дүниеге келсе атын Алиса деп қояйықшы» деп айтып қойғам. Сондықтан қызымыз дүниеге келгенде басқа ат іздемедік те. Бәрі мен қалағандай болды», - деді Баян Мақсатқызы.


Айта кетейік, актриса таяуда ғана араға 21 жыл салып үшінші қызын дүниеге әкелген еді. Өнер иесін күні кеше ғана туған құдағиы құттықтап келіп, аяқасты балалы болған Баян Мақсатқызына таңғалған болатын.