«Әйеліңе орамал таққызып.. жарайсың, інім!» - Төреғалидың жары тәнті етті (видео)

0
5 899

​Төреғалидың сыпайы билеген келіншегіне ел тәнті болды


«Әйеліңе орамал таққызып.. жарайсың, інім!» - Төреғалидың жары тәнті етті (видео)

фото мен видео @toregalitoreali парақшасынан алынды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде белгілі әнші Төреғалидың келіншегімен сыпайы ғана билеген видеосы пайда болып, оған көпшілік тәнті болды.

Желі қолданушылар ән айтып тұрған Төреғалидың қасында әдеп сақтап билеген жарының киім киісіне дейін разы болды. Олар разылық пікірлерін пікірлері арқылы жеткізді.

«Қандай керемет! Бақытты болыңдар!», «Балам, сендерге тек бақыт тілеймін!», «Өте иманды, жылы жүзді, салихалы жар», «30 рет қарадым, көзім тояр емес. Толқындай сұлу келіншегіңізді бағалай біліңіз, Төре жігіт!» деп разы болысты.

Арасында жарының орамал тартқанына разы болып, «Әйеліңе орамал таққызып.. жарайсың, інім!» деп Төреғалиға алғыс айтқандар да бар.

«Албанның қызы Толқынжандай инабатты сыпайы тəрбиелі бақ құсыңды бағалай біл, Төреш!!! Толқынжан осы биязы қалпыңнан тайма, орамалыңды да шешпе, көйлегіңді де қысқартпа, бəрі өзіңе жарасып тұр. Албанның қызы деген атыңа сай бол!!!» деп Төреғалидың келіншегініңң руын да тілге тиек еткендер болды.

«Әніңді келіншегіңе де үйретіп қоймайсың ба?» деп әзілді пікірлер айтқандар да кездесті.

Видео әлеуметтік желіден алынды