Айгүл Иманбаеваның ұлын құшақтап суретке түскені көпке ұнамай қалды

0
5 555

"Дұрыс фотоңды салмайсың ба, ана емессің бе?"


Айгүл Иманбаеваның ұлын құшақтап суретке түскені көпке ұнамай қалды

"Жұмыстың тығыздығынан демалысқа кейде уақытылы баралмай жатамыз.Осы жолы достарымыз, балаларымызбен уақыт таптық! Осындай демалыс ұсынған @kaztour @rixospremiumseagate алғысымызды айтамыз! Ұлымды демалысқа әрең алып шықтым осы жолы", - деп өзінің инстаграмдағы парақшасына жазба қалдырып, ержеткен ұлымен бірге түскен суретін жүктеген әнші, актриса Айгүл Иманбаева оқырмандарының қатаң сынына ұшырады.

Пікірлердің көбі суреттегі әншінің тұрысының ерсілігі мен киімінің қысқалығы туралы жазылған.

"Ерсі көрінеді. Балаға асылып, ұят екен", "Тым ерсі. Баласы емес жігітімен тұрса жарасады", "Ерсі...әлде де қысқа кимедіңіз бе?", "Дұрыс фотоңды салмайсың ба, ана емессің бе?", "Әрине қалай киінсе де өз еркі оны өзі біледі бірақ мынау тұрысы дұрыс емес ерсі достарының алдын да журсе онда дұрыс болар еді ғой, баласының алдында кішкене ойланып киіну керек кой, біздерге бәрібір өзі ойламағасын", "Балаңа үйкеле бермей, АНА екеніңді біліп тұрсай, мынау тұрысың ыңғайсыз сияқты", "Шынымды айтсам бір көргенде ерсі корініп тұр.Тура бір басқа еркекке асылып тұргандай, ...еще шорты қысқа, жасы 40-асқан әйел ғой", "Не тұрыс, ерсі көрінеді екен. Ұят қайда өзіңнің салған суретіңде кімнің рөлін сомдап тұрсың?Сені есті қыз деуші едім. Жаңылысқан екенмін.Пазор " - деп жазады оқырмандары.

Миллионнан астам оқырманы бар әншіге жазылған пікірлердің ішінде:

"Бәрі дұрыс. Тұрысында не бар? Қалай құшақтасада ұлы ғой. Тек, тек Айгүл ханымның шортииі ұзындау болғанда ғой. Керемет сурет, ұлың бақытты болсын, балаңның қасында осындай әдемі, жас болып жүрудің өзі өнер", "Не деген жас көрінесіз. Ұлыңыз ер жетіп, папасынан аумай қалыпты", - деген жазба қалдырғандар да бар.

ERNUR.KZ