«Айналам қара түнекке айналды»: Меруерт Түсіпбаева жақын адамының сатқындығы туралы айтты

0
1 014

«Жүрегім қан жылады»


«Айналам қара түнекке айналды»: Меруерт Түсіпбаева жақын адамының сатқындығы туралы айтты

Әнші Меруерт Түсіпбаева жақында өміріндегі аса ауыр кезеңді басынан өткергенін айтты. Өнер иесінің жақын адамы оған сатқындық жасаған. Бұл жағдайдан кейін әртіс ұзаққа дейін өз-өзіне келе алмай, күйзелісте жүрген.


Меруерт Түсіпбаева сатқындық тақырыбын Instagram парақшасында көтерді.


"Жақында мен сатқындықты бастан кешірдім. Бұл мен үшін аса ауыр болды. Қабырғаларымның арасы ауырып, күні-түні маза бермеді. Жүрегім қан жылады. Күйзеліс мені іштей жей бастады. Жыладым, себепсіз күле бастадым. Өзіме сан түрлі сұрақ қойып, бір мәнді жауап ала алмадым. Бәріне жабылып қалдым. Үйдің ішінде жарықты сөндірмейтін болдым. Өзіммен сөйлесіп, өзіме қатты ашуландым. Оны ойлауға өзіме тыйым салдым. Тәбетім жоғалды. Ары қарай құдды өмір жоқтай елестеді. Айналамның бәрі қара түнекке айналды. Менің әлемім түссіз болып қалды. Осылайша мен жақын адамымның сатқындығын басымнан өткердім. Бірақ уақыт емші. Мен бойыма күш жинап, бұл сынақты да еңсердім. Кешірдім, жібердім", - деп жазды әнші.