Айнұр Тұрсынбаева: "Суретте 2 барыс, 1 қасқыр"

0
6 359

Атақты айтыскер жолдасы мен досының суретін желіге жариялады.


Айнұр Тұрсынбаева:

Атақты Айнұр Тұрсынбаеваның жекі өмірі соңғы кезде ауыздан түспей жүр. Оған себеп оның үшінші рет отбасын құруы болатын. Өзінің жолдасымен сурет салған айтыскер ақын суретке "2 барыс, 1 қасқыр" деген атау берген.

Өзінің желідегі парақшасына "Біреудің қайғысын, бақытсыздығын құда күткендей күтетін адамдар бар.. Біреуді қашан ажырасады екен, қашан ұсталады екен, қашан жұмысынан қуылады екен деп жамандық күтумен өмірлері өтіп жатқандар бар... "Айттым ғой "ажырасады" деп. "Алысқа бармайтынын білгем", "қу тақырға отырады әлі", "апатқа ұшырайтынын сезгем"... Өзгенің бақытсыздығын сөз қылмаса, оларға ас батпайды.Өмірінің мәні сол ғана...⠀
Кез келген іскер адамның басына жамандық тілейтін өз "жерлеу командасы" болады. Бақылай берсін..
Ғалымдар жапыраққа зерттеу жүргізіпті. Көп қараған жапырақ одан сайын құлпырып, ұзақ сақталыпты. Ал қараусыз жапырақ тез сарғайып, қурапты. Қызық дерек!⠀
Ұлыбританияның Премьер-министрі болған саясаткер Черчилль 70-ке толғанда, ВВС оның "жерлеу командасын" құрады. Сегіз редактор сғгіз жақтан оны аңдуға көшеді. Радиода хабарлап, басылымдарға некрология жазу үшін өлгенін асыға күтеді. Мәтінін ерте бастан дайындап қояды.Мақсаттары - "сенсацияны" бірінші боп хабарлау. Сөйтсе рейтинг көтеріледі ғой!

Черчилль шылым мен коньякқа әуес болған, спортпен айналыспаған. Яғни ұзаққа бармай жоспар бойынша тез өлу керек еді... Бірақ оғанқарамастан атвм 90 жыл өмір сүрді. Ал оны үздіксіз аңдыған "жерлеу командасындағы" сегіз адамның бірі де ол күнге жетпеді. Біреудің бақытсыздығын құзғындай қорып отыру зиян болғаны ғой, шамасы. Бәлкім жамандық тілегендері Черчилге одан сайын күш берген болар?! Жауларына ерегескенде көбірек өмір сүргісі келген шығар. Ол 20 жыл жүріп алды, ал әлгі сегіздің бәрі келмес сапарға кетті... Черчилдің не өлгенін хабарламады, не жерлеуіне қатыса алмады! Бұл - шындық.
Осыдан туатын ой: біреуге жамандық тілеу-өзіңе ор қазу немесе көр қазу. Жақсылықтың жаршысы бол! Өзіңе көңіл бөл...Жақсы пікір жаз... Адамдарды қуант... Адамдар сенімен дос болуға құмар болсын... Достарың қандай қиындыққа түссе де сенен жылулық көрсін...Туыстарыңа жақсылық жаса... Әлбетте, өз өмірің нұрға толады... Қайырлы кеш жақсыларым...!

Суретте 2 барыс, 1 қасқыр...Халық ковидтен қырылып жатқан кезде 20 тонна дәріні тегін таратқан қазақтың батыр ұлы және менің үйдегі бастығым" деп жазды.


Ал бұл сурет пен жазбаны оқыған желі оқырмандары әртүрлі пікірде. Олардың бір бөлігі ақынның отбасына бақыт тілесе, енді бірі мағыналы жазбасына тамсанған, ал үшінші бір топ оның елден кеткеніне назын айтқан.

"Біз сіздің мотивацияларыңыздан күш алып, жасарып жайнап жүрсек сіз кейде біреулердің теріс пікіріне шаршағаныз байқалады. Сізге алла қуат берсін", "Айнур апай оте магыналы создер жазасыз. Жарайсыз. Бирак Казакстаннан не себепти кошип кеттиниз Турцияга" деген сынды пікірлерімен оқырмандар өзара талас жүргізген.

Бөлісу