Айтыскер Сара Тоқтамысова екі ұлынан соң қызды дүниеге әкелді.
Бұл қуанышты жаңалықпен этрада жұлдыздары әлеуметтік желіде жарыса құттықтап жатыр. Ал айтыскер ақын өз парақшасында жаңалығымен бөлісті. Осы күнді қатты күткенін жазып, қуанышын жеткізді.
"Айналама жап-жарық Нұр берген, Менің де бақшама гүл берген, Алла Ұлық" деп жазды ол.
Желі қолданушылары қуанышымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. "Жаным, бауы берік болсын!", "Гүлің құтты болсын", "Сара мен Есілдің үйі бұрынғыдан да жап-жарық болады" деп жазды олар.