«Алматының әкімі өнер адамдарына тапсырыс берген бе?!»: Оны қолдаған өнер иелері сынның астында қалды

0
3 449

«Сен бай болған соң айтасың да»


«Алматының әкімі өнер адамдарына тапсырыс берген бе?!»: Оны қолдаған өнер иелері сынның астында қалды

Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ең көп зардап шеккен, тоналған, өртелген, бүлінген қала – ару Алматы болғаны жасырын емес. Сондай-ақ кемені тастап кеткен капитан іспетті әкімдікті тастап кетті делінген Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев турасында желіде көп айтылды, көп жазылды. Әлеуметтік желіде қала әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевты орнынан алып тастау керек деп Мемлекет басшысына үндеу жасағандар да табылыпты. Сындарлы сағаттарда көп сыналған мегаполистің әкімін енді өнер адамдары жақтап, мақтап шыққанға ұқсайды. Олардың кейбіреулері инстаграмдағы парақшасында Бақытжан Сағынтаевтың суретімен қоса астарында әкімді ақтап алу, жақтап алу сынды емеурінге, ишараға толы жазбаларын жариялады. Мәселен, танымал асаба, ақын Құрманай Бақтиярқызы көбіне пост жазбайтынын, алайда көрген, сезгенін жазатынын тілге тиек етті.



Сонымен қатар белгілі тележүргізуші, қоғам қайраткері Қаракөз Сүлейменова да тура осындай сыңайдағы постын жариялады.



Ал желідегілер «Өнер адамдарына тапсырыс берілген бе?! Бәрі Б. Сағынтаевты мақтауға көшіпті. Сөздері бірдей екен», «Көпбалалы аналар жиналып, есігінің алдын талай тоздырған. Қабылдамақ түгілі, кабинетінен шықпай, жүзін көрсетпейтін. Мүмкін сіздің атағыңыз болған соң сізге қарым қатынасы солай болған шығар..... қайта Байбек талай көпбалалы аналармен кездесіп жұмыс жасаған», «Біз Алматыда тұрамыз сіздің пікірмен келіспеймін. Халықты аралап, сұхбат жасағынын көрген емеспін. Енді қасында жүрген жоқпын ғой бірақ», «Қашан қоясыздар осындайды? Халықпен кездессе, қаланы гүлдендірсе, ол оның тікелей атқаруға тиісті міндеті. Ол сол жұмысы үшін ақша алады. Халықпен кездесу, диалог құру ол былай айтқанда жұмысы» деген сыңайдағы пікірлерін жазуда.