«Ажырасты» деген елдің өсегі!»: Қайрат пен Жұлдыздың видеосына желі қолданушылары қуанып қалды

0
2 737

«Өмір бойы бірге болыңдаршы!»


«Ажырасты» деген елдің өсегі!»: Қайрат пен Жұлдыздың видеосына желі қолданушылары қуанып қалды

Желіде танымал әнші Қайрат Нұртас пен жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованың құшақтасып, күліп, сыбырласып тұрған видеосы пайда болды.



Біраздан бері бұл жұлдызды жұпты «Ажырасып кеттіге» жорып жүрген оқырмандары әлгі видеоны көріп, қуанып қалғандықтарын жеткізді.


«Айналайындар, бақытты болыңдар! Сендер бір-біріңе жаралғансыңдар! Ажырасқан деп айтады. Ол жәй елдің өсегі болар. Жұлдыз өте әдепті, тәрбиелі, ақылды қыз ғой. Ажырасуға дейін апармайды», «Сіздерді бірге көргенімізге қуаныштымыз. Әйтпесе, ажырасқандықтарыңыз жайды қауесет қаптап кетті», «Халық тілеулес. Жарасып тұр, бақытты болыңдар! Балаларға әке, Жұлдызға жақсы күйеу бола біл, Қайратжан!», «Осылай өмір бойы бірге болыңдаршы! Ажыраспаңдар! Ұл-қыздарыңның рахатын бірге көріңдер!» деп желідегілер ағынан жарылуда.