"Балаларым үшін мықтымын": Актриса Әлия Әнуарбек жары өмірден өткеннен кейінгі күресі туралы айтты

0
1 985

Олар - оянуға, өмір сүруге керемет мотиватор.


Танымал актриса Әлия Әнуарбек жары өмірден өткеннен кейінгі күресі туралы жазды. Ол өзін балалары жігерлендіретінін және жарының тек тәтті естеліктер қалдырғанын жазып, оқырмандарының да көңілін босатты.

"Менде бәрі жақсы және жақсы болады. Мен өзім үшін, балалар үшін де мықтымын. Олар - оянуға және өмір сүруге керемет мотиваторлар. Олар қайғы туралы ұмытып, күлуіме себеп болады. Біз бұл қиындықтан бірге өтеміз!

Ол артында тек жақсы естеліктер қалдырды. Мен ағынмен өмір сүремін. Мен де ол сияқты күн сайын өмірден ләззат алуға тырысамын. Ол мен үшін Алла Тағаланың кез келген сыйына алғыс білдіретін адамның үлгісі болды" - , дейді актриса.


Мұны оқыған актрисаның өнердегі әріптестері мен оқырмандары қолдау мен жігерге толы тілектерін жазуда. Солардың бірі - танымал әнші Жанар Айжанова "ӘЛИЯ ЖАНЫМ САҒАН АЛЛА ҚУАТ БЕРСІН. ДҰРЫС АЙТАСЫҢ СЕН МЫҚТЫ БОЛУЫҢ КЕРЕК. МЕН ДЕ 25 ЖЫЛ БҰРЫН ОСЫНДАЙ ЖАҒДАЙДАН ӨТКЕНМІН. ӘР ҚИЫНШЫЛЫҚТЫҢ АРТЫНДА СЕН КҮТПЕГЕН БІР ЖАҚСЫЛЫҚ БОЛАДЫ. ШЫН ЖҮРЕГІММЕН САҒАН БАР ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ТІЛЕЙМІН. УАҚЫТ БІР КЕЗДЕ БӘРІН ОРНЫНА ҚОЯДЫ, БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ. СЕН ҮШІН БӘРІМІЗ УАЙЫМДАДЫҚ. БАЛАПАНДАРЫҢ АМАН ЕСЕН ЕР ЖЕТІП, ӨЗІҢЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАСЫН. МҰҢАЙМА ЖАНЫМ" деп жазды.


Бөлісу