​«Бар тәттіні тек Қыдекең жейді»: Қарақат Әбілдина күйеуінің еңбегіне ерекше ілтипатын білдірді

0
7 002

«Өнердегі ұстазым, гүлзарымның бағбаны өзіңсің»


​«Бар тәттіні тек Қыдекең жейді»: Қарақат Әбілдина күйеуінің еңбегіне ерекше ілтипатын білдірді


Әнші Қарақат Әбілдина «Инстаграм» парақшасында жолдас Қыдырәлі Болмановқа арнап жазба жариялады. Ол «Ұлытау» тобының концертін өткізуді жоспарлап отырған күйеуіне қолдау білдірді.


«Сұлу ғұмырдың тәттісі мен қаттысын бірге көріп, өсіп-өніп келеміз. Менің азаматым – ел азаматы. Құлпыртып, жайнатып, жадыратып, ағалық мейіріміңмен жетелеп, киелі сахнаға өзің алып шығып едің. Өнер мен өмір атты мектепте ұстазым, гүлзарымның бағбаны болып келесің.


Мына суретке қарап отырып Қыдекеңе «бар тәттіні енді сіз жеңіз» деп отырмын. Осы уақытқа дейін бар тәттіні мен жедім. Енді орын ауыстырайық. Біздің салмақты жиырма жыл алдыңғы салмақпен салыстыра алмаймыз. Сол тәттіні десек, артық салмақ «Сәлеметсіз бе?» дейді қазір. Әйел табиғаты көбіне жылдар өте толысуға бейім ғой.


Мың сан жауапкершілігі бар, іскерліктің сан саласын бойына жиған азаматымды ойлап жүрмін. Елдік, отбасылық, кәсіпкерлік істің ұйытқысы болған азаматыма ШАРШАМАҢЫЗ! ТАЛМАҢЫЗ! БІРГЕМІЗ! ҚОЛДАЙМЫЗ! ҚАСЫҢДАМЫЗ! ДАЙЫНБЫЗ! Деп жай ғана жақсы тілек арнағым келді» деді Қарақат әнші.


Өнерлі жұптың тыңдармандары да жақсы тілектен аянып қалмады. «Қазақтың осындай өнерлі, көпбалалы, өнегелі отбасы барына қуанамыз», «Ерін мақтаған жалғыз әнші өзіңіз», «Қарақаттай әйелі бар Қыдырда арман жоқ шығар», «Рас, бұрын қанша тәтті жесек те толмайтын едік, қазір қасық жаласақ семіріп кетеміз», «Жұптарыңыз жазылмасын» деп жазды әнсүйер қауым.