Ол қазір қажылықта жүр.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Маңғыстаудағы оқырманы көп блогер Әйгерім Ерғазы Меккеде қажылықта жүріп оқырманын ойландыратын видео жүктеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Мен бұлай болады деп ойламадым. Мен Меккеге алғаш рет өзімнің емес, анамның қалауымен барған едім. Бірақ сол сапар мен үшін бәрін өзгертті. Алғашқы құлшылығым мен дұғам осында болды. Қажылығымызды анам мен сіңіліммен бірге өтедік. Сол Меккеде жасаған дұғаларымның бәрі 6 айда қабыл болды. Алланың шақыртуын қайта сезіндім. Бұл жолы мен құрбыммен жалғыз барғым келді», - деді Әйгерім Ерғазы.
Блогердің оқырмандары оның орамал таққанын болжаған.
«Орамалға келді ме екен? Орамал таққан сияқты. Тикток әлеуметтік желісінде тек орамал таққан видеоларын қалдырып, қалғандарын өшіріп тастады. Қажылыққа бару да сәнге айналды», - деп жазды олар.