​«Бұрынғы күйеуім» қасымда жүр»: Мақпал Исабекова өзі жайлы қауесетке нүкте қойды

0
1 568

«Қан қысымым қайта-қайта көтеріліп...»


​«Бұрынғы күйеуім» қасымда жүр»: Мақпал Исабекова өзі жайлы қауесетке нүкте қойды

Жақында ғана екінші перзентін дүниеге әкелген әнші Мақпал Исабекова аурухана түсіп қалды. Өнер иесінің перзентханадан шыққан бойда қан қысымы көтеріліп кетіп, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған.


«Қызым үйде қалды, өзім ауруханадамын. Тағы да сол баяғы жағдай қайталанды. Қан қысымым көтеріліп кетті. Қызым әзірге жасанды тамақты қанағат тұтып жатыр», - деп жазды ол.


Әнші сондай-ақ күйеуі екеуі жайлы қауесет таратқандарға жауап берді. Айта кетейік, әлеуметтік желіде «Мақпал Исабекованы перзентханадан шығарып алуға бұрынғы күйеуі де келді. Әншінің сол жерде көңілі босап, көз жасына ерік берді» деген ақпарат тараған болатын.


«О, Алла, не деген фантазия?! Менімен бірге тұрып, 24/7 жанымда жүретін адам сияқты жазатындарын қайтерсің?! Жазыңдар, жаза беріңдер, менің кетіп бара жатқан түгім жоқ. Әрқайсысының аузына қақпақ бола алмаймын ғой. Жазған адамның әрбірімен арпалыссам нем қалады? Сендер айтып жатқан «бұрынғы күйеуім» менімен бірге перзентханада 5 күн болды. Қызымызды туыла сала сол кісінің кеудесіне жатқызды. Жай, тағы да қауесет тарататындарға шабыт болсын», - деп жазды Мақпал Исабекова.