"Еркек бол!": "Жігіттер" тобының продюсері кітап шығарды

0
4 440

"Қаншама қиындық пен қуаныштарымызды бөлісіп келеміз" , - дейді Гүлзира Айдарбекова.


"Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов енді "жұлдыз" шығаруды емес, кітап шығаруды қолға алған сияқты. Атын ерекше етіп "Еркек бол!" деген продюсердің өзі кітаптың тұсаукесері туралы әлеуметтік желіде жазба жарияламаған. Бірақ тұсаукесерге барған әріптесі кештен сурет, видеолар жариялап, төмендегідей жазба жариялаған.


Гүлзира Айдарбекова: "Бүгін көптен күткен ұлы той демекші, жақсылықта көрісіп әріптестермен бір марқайып қалдық. Жігіттер тобының продюсері Ерекеңнің жетістігіне шын жүрегіммен қуандым. Екеуіміз құрдаспыз, қаншама қиындық пен қуаныштарымызды бөлісіп келеміз. Алла төрт көзімізді түгел етіп, жақсылықтарымен қауыштыра берсін!".

Мұны көрген оқырмандар тек жақсы тілектерін арнапты. "Қуаныш көбейсін. Керемет жақсы жандармен отырған нағыз бақыт. Алла жақсылықтармен қуанта берсін!" деген олар кездесуге көбірек мән беріп, кітап туралы ешқандай ой айтпапты.

Бөлісу