​«Етегімнен тартпаңдаршы»: Актриса Дариға Бадықова өзіне қатысты қауесетке жауап берді

0
1 215

«Үтікті қоссақ та алдымыздан сол видео шықты ғой»


​«Етегімнен тартпаңдаршы»: Актриса Дариға Бадықова өзіне қатысты қауесетке жауап берді

«Таптым ау сені» фильмін түсіріп, «Сезім үшін» әнімен тыңдарманның көңілінен орын алған актриса Дариға Бадықова «Инстаграм» парақшасында оқырмандарына үндеу жолдады.


«Етегімнен тартпаңдаршы. «Охрана сенің не теңің?!» деп жерден алып, жерге салып болдыңыздар ма? Құрысын, таралып кеткені соншалық, үтікті қоссақ та сол видео шықты ғой алдымыздан. Ресторанның таңып берген охранасы ғой, біздің дым қатысымыз жоқ, ақталды демеңіздер. Бір жағы, басқа ұлттың баласына ұқсап охранамен жүргенге не жетсін! «Сол күнге жетейік» деп жақсы сөз айтқан бір қазақ жоқ қой, шіркін-ай.



Құрметті көрермен-ау, жалпы деймін де, бастап жатқан ісіміз ілгері жүрсін десек, етектен тартып, «Ой сендер сондай, сендер бұндай» деп артқа тартпайықшы. Неге десеңіз, біз көпұлтты мемлекетпіз. Өзіміз аз ғана қазақпыз! Жұрттың баласының алдында бір-бірімізді табалап, жағадан ұстамайық та, құрысын! Енді еңсемізді көтеріп келе жатқанда, сағымызды суға кетірмейікші. Қай саланың тасы өрге домаласа, төмен тартуға құмар болмайық. Рухы, биік текті ұрпақтың балаларымыз ғой»,
- деді Дариға Бадықова.


Айта кетейік, «Сезім үшін» әнін орындаған актер Олжас Абай мен Дариға Бадықова елге кең танылып, тойларда өнер көрсете бастады. Сондай қуаныштың бірінде ән айтып тұрған екеуін бір топ күзетші қоршап, суретке түскісі келген халықты әртістерге жақындатпай қойды.


Дариға Бадықованың алғашқы «Таптым-ау сені» фильмі 1 миллиард теңгеден астам касса жинап, рекорд орнатқан болатын. Енді ол Олжас Абаймен бірігіп «Тастаймын-ау сені» туындысын түсіруге кірісіп кетті. Актрисаның өзі киноны мамыр айында шығаратынын айтты.