​«Қанішерлік қанымда жоқ»: Төреғали Төреәлі жүргізуші куәлігін алу үшін полицейлерге ән арнаған ба?

0
1 260

«Жағымпазданып жазған жоқпын»


​«Қанішерлік қанымда жоқ»: Төреғали Төреәлі жүргізуші куәлігін алу үшін полицейлерге ән арнаған ба?

Танымал әнші Төреғали Төреәлі полицейлерге ән арнаса да жүргізуші куәлігін қайтара алмаған. Бұл туралы өнер иесінің өзі «Инстаграм» парақшасында мәлімдеді.


«Елдің көкейінде жүрген қандай сұрақ деп ойлайсыздар? Көбісі менің «паравмды» сұрап жатыр. Сосын «Қазақ полициясы» деген ән тапсырыспен жазылған ән бе?» деп сұрапты. Енді сіздерге сол әннің тарихын айтып берейін. Жалпы, қандай мақсатпен шықты? Бұл ән Қайнар Алагөзовтің өлеңіне жазылған Құрал Молжановтың әні. Бұрын Естай Бақбергенов деген жігіт орындаған. Телефон соғып, сөйлесіп, рұқсатын алдық. Рахметімізді айттық.


Бұл әнді айтуға ешкім тапсырма берген жоқ. Өзіміз ақылдасып, «айтсақ қалай болады екен» деп әкенің де ақылын сұрадық. Қанішерлік қанымда жоқ, жағымпаздық жанымда жоқ. Жүрекжарды, шын жүректен сіздерге арнап шыққан ән. Ал енді «праваға» келетін болсақ... Мен қазір жаяу Төрешпін», - деді Төреғали Төреәлі.



Атышулы әнші «Жаяу Мұса» әніне салып көшеде домбырамен ән шырқаған. Оған желі қолданушылары пікір білдірді.


«Ақылды тентек қой біздің Төреш», «Көліктің правасын қоя берші, өмірлік праваңды жеңгемізге алдырып қойма», «Мойыма, бәрі жақсы болады, тек енді сабырлы бол», «Өзің қамалып кетпегеніңе қуан», «Әйелің аман болсын, енді сені сол тасиды», «Қайрат пен Әбдіжаппардың түрмеде отырғаны саған сабақ болсын, енді ұрынбай, тыныш жүр» деп жазды әншінің тыңдармандары.