​«Қара бұлтың көшсін»: Әнші Нұрболат Қанай жеңгесіне ән арнады

0
4 226

«Ол бақытты болуға лайықты»


​«Қара бұлтың көшсін»: Әнші Нұрболат Қанай жеңгесіне ән арнады

Көпшілікке Қанай деген лақап есімімен танымал әнші Нұрболат Қанай жеңгесіне арнап ән шығарды. «Қара бұлтың көшсін» деп аталатын әннің шығу тарихы да ерекше екен.


«Осыдан 9 жыл бұрын Алматы қаласында жүргенімде ауылдан, Құлсарыдан «Болат ағаңды белгісіз біреулер пышақтап кетті. Ағаңнан айырылы қалдық» деген суық хабар келді. Ағамның артында бір ұлы мен бір қызы қалып қойды. Сол жылдар біздің әулетке қиын тиді. Қазіргі күні ағамның балалары есейді, жақсы тәрбиемен өсті. Бірақ менің жеңешем қайта тұрмысқа шықпады, сол күйі қалып қойды. Мен осы ән арқылы ағамның сағынышын, соңғы сөзін жеңгеме жеткізгім келді. Жеңеше, сен бақытты болуға лайықтысың, – деді Нұрболат Қанай «Инстаграм» парақшасында.


Қанайдың әніне белгілі рэпер Амангелді Жақау өлең жазған. «Рамазан айы біткесін мына әннің мәтінін не себепті жазғанымды көпшілікке айтып беремін. Әрбіріміздің төбемізде көше алмай тұрған қара бұлт бар. Өз жартысын жарты жолда жоғалтып алғандардың алдағы ғұмыры берекелі және қайырлы болуына тілекшімін. Балалардың көзіне тіке қарашы, қара бұлттардың көлеңкесін көресің» деп пікір білдірді Жақау.