«Триодан квартет жасау керек...»
Танымал әнші Мақсат Базарбаев «Музарт» тобында ән айтқан кездерін сағынышпен еске алды. Өнер иесі әріптестері Мейрамбек Беспаевпен, Сәкен Майғазиевпен бірге түскен естелік суреттерін желіге жариялады.
«Бұл – «Музарт» тобы. Бұл да бір дәурен екен. Күйбең тірлік деп жүргенде жаз да мәресіне жақын қалды», - деп жазба қалдырды Мақсат Базарбаев.
Әншінің постына «Музарттың» тыңдармандары әртүрлі пікір қалдырған.
«Мақсат бауырым, сенің орның ерекше еді. Қайран уақыт. «Музарт» сен барда «Музарт» еді», «Мақсатты «Музартқа қайта алсын. Дауысы керемет, сазды. Триодан квартет жасаса болар еді», «Мақсат барда «Музартты» халық болып тосушы едік, әттең...», «Осы үштік кезі күшті еді», «Шамасы «Музартты» сағынып жүр-ау», «Сен кеткенде кәдімгідей өкініп едік, қайта барсайшы, шақырып жатса», «Негізі өзі осы топты қимайды, кеткеніне өкінетін сияқты» деп жазды әншінің тыңдармандары.