"Кеудесі ашық": Орамалын шешкен Ақбота-Нұрдың жаңа образы желі оқырмандарын ашуландырды

0
3 663

"Орамал не тұрыпты бұлар үшін! Біреудің көз жасы маңызды емес болып тұрғанда"-, дейді оқырман.


Өзінің жеке өмірі арқылы елдің аузынан түспейтін Ақбота-Нұр бұл жолы өзінің жаңа образымен сынға ілікті.

Өздеріңіз білетіндей, әнші біраз уақыт бұрын әлеуметтік желідегі суреттерін түгел өшіріп, тек орамалды суреттерін жариялаған еді. Бірақ онысына көп уақыт өтпей-ақ бұрынғы образына қайта көшті. Мұнысын сынға алған желі қолданушылары түрлі пікір жазуда. Солардың бірі - әншінің соңғы киім үлгісіне айтылған сөздер.

Бұл жердегі көйлектің ашықтығы мен дизайнер жігіттің қимылдары көпшіліктің ызасын тудырған сияқты. Оны "Ақымақ əйел деп санаймын. Хиджабты ойыншық қылып", "Дизайнер болганда не ырбаңдау керек пе?" деген пікірлерден аңғаруға болады.

Десе де арасында әркімнің жеке өмірі мен жеке таңдауы болатынын жазғандар да бар.

Бөлісу