"Қайын сіңлімді өзімнің ұзатқанымды Мамамыз қалады" - дейді Төреғалидің жары.
Белгілі хитмен Төреғалидің әйелі Толқын да қазір желіде белсенді болып, түрлі жазбалар жариялап, оқырмандарымен пікір алмасып жүр.
Бұл жолы Ұлы дала келіні өзінің қыз ұзатуға ниетті екенін аңғартқан. Оған оның әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы дәлел бола алады.
Толқын Тұрарбекқызы: "Сәлем бердім баршаңызға! Бикешімнің ұзату тойына арнайы шығарған әніміз.... Қайын сіңлімді өзімнің ұзатқанымды Мамамыз қалады.
“Қазақтың салтында қайын сіңлілерін жеңгелері ұзататын болған, жеңгесінің жолын берсін” - деді.
Осы тойдан кейін қызымды ұзататасыз ба деген ұсыныстар өте көп болды
Қыз өссе елдің көркі, барша қазақ қыздарының бағы ашылып, барған жерін бақытты етсін!!!
P/s: Қыз ұзататын болсам қалай қарайсыздар?".
Осылай деп ақтарылған келінге оқырмандарын да шабыт беріп, оның инабаттылығы мен орындылығын тілге тиек еткен. Сондай-ақ олар "Көпсалалы анасың" деп құрметтеп, қыз ұзатуға лайықты екендігін жазған.