"Масқара! Шәмші атамыздың әнін бұзып": "Ақ бантикті" рэпке айналдырған әнші қыздар көптің сынына қалды (видео)

0
7 680

"Дым түсініксіз, әншейін маңырап тұр"


Әлеуметтік желіде әйгілі Шәмші Қалдаяқовтың әнін рэп жанрында орындаған қыздардың видеосы тарады. Өздерін @uly_dala_qyzdary тобы деп таныстырған қыздар, қысқа белдемшемен мың бұрала билеп ән салған. Видео Instagram-дағы qazaqpiz_go тобында жарияланған.

Видеоның бастапқы секундтарында бірнеше бойжеткен "Ақ бантик" әнін орындайды. Содан кейін қысқа киінген екі бойжеткен танымал композитордың әнін рэп жанрында орындап, билей жөнеледі.

Ал желі қолданушылары керемет әннің шырқын бұзған қыздарға жағымсыз пікірлерін жаудырды.

ым түсініксіз, әншейін маңырап тұр. Оданда тақпақ айтсаңдаршы жамырамай", "Дұрыс болмапты, кімсің атақты Шәмші атамыздың әнін бұзып масқара","Керемет әннің быт-шытын шығардыңдар ғой", "Мыналарың дұрыс емес болды", "Не мынау?", "Жақсы әнді бұзып тастадыңдар ғой", "Түсініксіз", "Бұлай өлеңді қорламаңдар", "Масқара", "Мақтайтын нәрсе емес", "Басын жақсы бастап еді", "Әп-әдемі әннің сәнін құрттыңдар", - деп жазды желі қолданушылары.

ERNUR.KZ