"Мұндай видеоларға дайын болдым": Айнұр Тұрсынбаева шұжықтарының ішінен қыл-қыбыр шыққан видеоға жауап берді

0
8 542


Соңғы екі күннен бері Айнұр Тұрсынбаева өндіретін шұжықтардан қыл-қыбыр шыққаны туралы видеолар желіде тез тарап жатыр. Оның шұшықтарын алуға қорқып қалған халыққа айтыскер ақынның өзі түсініктеме берді.

"Мен шұжық кәсібін бастағалы 2-3 айдай ғана уақыт болды.. Аллаға шүкір сұраныс өте жоғары. Көптеген дистрибьютерлер басқа шұжықтарды таратудан бас тартып тек біздің шұжықтарды сатып жатқанын сатушылардан естіп қуанып қалдық.. Тура мен сияқты "МЕЙРЖАЧНАЯ" шұжықтарының аммбассадоры Мейіржан бауырым бір кездескенімде "Айеке, шұжықтарыңыз қатты өтіп жатыр деп естідім, енді арасынан қыл қыбыр шығатын видеолар қаптайды, дайын болыңыз..Және ол видеолар космостық жылдамдықпен тарайтын болады" деп еді.. Сөйтсем алғаш сата бастағанда оның да шұжықтарынан шаш, тырнақ, жүн "шыққан" екен. Видеоны жылжытсаңыздар көресіздер... Бәсекелестік қой, қайтеміз енді.. Ең сорақысы біз оттегі концертратын тасығанда, баспана таратып жатқанда, азық-түлікті тегін таратқанда жақ ашпаған журналистер қауымы жүн шыққан колбасаны сатырлатып салып жатыр... Еріндей санап шықсам 22 ақпарақттық парақша осы видеоны таратыпты.."Аққа құдай жақ"! Не болса да бізге жақсы жарнама жасап бердіңіздер! Себебі соңғы 2 күнде сауда 4 есеге өсіп кетті. Алла разы болсын..! Қазақстанда өндіріс жоқтың қасы.. Тіпті тіс шұқитын таяқты Қытайдан аламыз.. Болашақта өзімнің жеке шұжық цехымды ашсам деген мақсатым да жоқ емес.. Мұнымен қоса түрлі пакеттер шығаратын, скотч шығаратын цехтарды да ашсақ па деп отырмыз.. Мен үшін сапа бірінші орында! Отандық өнімді көбейту үшін қолдау керек... Анықтап алмай жатып аяқтан тартсақ өсіп-өнбейміз ғой ағайындар ау..

P.S Біздің өнімдер шығарылатын цех басынан бастап, лабораториялық тексерістерден өтіп тұрады. "Халал Даму" ЖШС-нан арнайы құрылған комиссия келіп, цехті толығымен тексеріп шықты. Біздің өнім барлық халал стандарттарға сай жұмыс жасайды. Сертификатталған. Соңғы ақпараттардан кейін біз тексерістерге тағы да өтініш білдірдік, тексерістер басталып та кетті. Сапа біз үшін өте маңызды! Алланың колдауымен куніне 8-10 тонна шұжық еліміздің түпкір түпкіріне тарайды. Бул отандық өнімде бұрын соңды болмаған көрсеткіштер. Жалған ақпарат таратып, өтірік видео жариялаған парақшалар да жазасын алады деген үміттеміз.

Біз үшін таратып отырған өнімдеріміздің сапасы маңызды! Және де сіздердің бізге деген сенімдеріңізді ақтаймыз!".



Ақынның бұл жазбасын оқыған желі оқырмандары оның дер кезінде жауап бергеніне рақмет айтып, жұмысына сәттілік тілеуде.

Оны "Шұжықтарыңыз дәмді, сөз жоқ. бірақ бүгін осы видео ватцаппен келгенде ойланып қалып едім. Дер уақытында жауап бергендеріңізге рахмет!", "Осы шұжық жайлы ФБ-да видио жүр .Ужасс іші деген жиіркенішті.Айнұр халал деп тұр.Коментті оқысам бәрі жерден алып,жерге салып жатыр екен.Содан мен жаздым мүмкін сол атты жамылып біреу істеп жүрген шығар деп.Айнұр ханым разберитесь атыңызға кір келтірмей" деген пікірлерден анық байқауға болады.
Бөлісу