«Нейроэндокриндік ісікке күдік бар»: Төреғалидің қарындасы шұғыл түрде Түркияға аттанды

0
2 876

Төреғали әйелімен қарындасын қолдау үшін Түркияға барды


«Нейроэндокриндік ісікке күдік бар»: Төреғалидің қарындасы шұғыл түрде Түркияға аттанды

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі шұғыл түрде Түркияға аттанды. Бұл туралы әншінің қарындасы өз парақшасында айтты. Төрештің қарындасына қазақстандық дәрігерлер «қатерлі ісік бар» деген көрінеді.


«Соңғы бір апта түсініксіз әлемде өмір сүріп жүргендеймін. Неден бастарымды білмей тұрмын. Бірақ, бөліскім келіп тұр. Бәрін толық айта алмасам да, шет жағасын біліп жүріңіздер. Неге қуанышты сәттерімді бөлісе беремін дедім өзіме. Сіздер менің екінші отбасым, әрқашан қолдайсыздар, бірге қуанасыздар, бірге көп сәттерді бастан өткізіп келеміз. Қазір де кішігірім сынақтан өтіп жатырмын. Алланың мейірімі сондай шексіз, не болса да қабылдаймын. Онкология бойынша диагностикаға келдім. Елде нақты ештеңе айта алмады, бірақ өзгерістер бар екен. Нейроэндокриндік ісікке күдік бар, тексерілу керек. Аздап мән бермей жүрген едім. Дархан жай қалдыруға болмайды деп қатты кірісті. Тіпті маған айтпай Стамбулға билет алып қойыпты» деді ол.


Блогер осы орайда сүйікті жары, белгілі спортшы Дархан Нортаевқа алғыс айтқан.

«Елде тексерілеміз деп қанша күн сандалдық. «Бұлай болмайды» деп Дархан барлық жолдарын қарастырды. Жарыма алғысым шексіз. Маған білдірмей, көңілі босап жүргенін байқадым. Әлем бойынша мықты онколог екен. Жақында Германиядан келіпті. Барлық анализдерді тапсырдық. Қан мен биопсия анализдерін салыстырады. Енді үш-төрт күннен кейін нәтижелері белгілі болады. Шок болып жүрмін. Бұның барлығы менімен болып жатпаған секілді. Басында түк елемедім» деп жазды Фариза.


Қарындасын қолдауға ағасы Төреғали мен жеңгесі Толқын арнайы ұшып барған. «Бикешімнің денсаулығына алаңдап, аяқ асты келіп қалдық. Бауырың – бауыр етің... Бізге берілген әрбір сынақ одан әрі отбасы ретінде жұмылдырып, Алланың нығметін одан да терең түсінуге беріліп жатқандай сезім болады кейде...» деді Төрештің әйелі.


«Жай ғана не екенін білу үшін операция, кеудені тесіп жасайды екен. Оған қуанып отырмыз. Себебі кеудеден биопсия алу үшін Қазақтсанда кеудені орта жақтан кеседі деген. Көзім банка боп кеткен. Құр анализ ғой болмаса. Ал тесіп жасайтын биопсия Түркия мен Кореяда ғана екен.

Мыңдаған адамдардың дұғаларын Аллам қабыл ететініне сенемін. Мені ешқашан өмірде көрмеген, танымайтын оқырмандарымның қолдауына, тілектеріне алғысым шексіз. Тілектеріңізді оқып үлгере алмай жатырмын. Ал мен тезірек аман-есен үйге оралғым келіп тұр. Бәрі түс секілді қазір маған» деді Фариза Төреәлі.

Әншінің қарындасына "Инстагарам" арқылы мыңдаған адам тілеулес боп отыр. Алла дертіне шипа берсін!