«Өзіммен жұмыс жасаудамын»: Төреғалидың қарындасы енесімен бірге тұрмауының себебін түсіндірді

0
1 405

"Мен жолдасымның қандай да болсын шешіміне қосыламын".


«Өзіммен жұмыс жасаудамын»: Төреғалидың қарындасы енесімен бірге тұрмауының себебін түсіндірді

Төреғалидың қарындасы Фариза да желіде танымал жандардың бірі. Осы жылы танымал спортшымен тұрмыс құрған оның жеке өмірі де көпшілікке қызық. Бүгінгі жазбасында Фариза Төреәлі өзінің неліктен бөлек тұратыны туралы жазған.


«Бөлек тұрасыздар ма?"

Жиі қойылатын сұраққа жауап берейін деп шештім.

Жеке өмірім жайлы көп айтпасам да, арасында осындай сұрақтарға жауап беріп тұрамын. Ата-енем өте парасатты жандар, түсінігі мол және әрқашан мені қызындай қолдау береді және өөте қамқор.
Енем де "сені өзіме ұқсатамын, мінезіміз ұқсайды, жас кезімде сендей болғам" деп жиі айтады.

Жолдасым өзі қалаған соң, ата-анамыздың разылығымен ғана бөлек тұрамыз. Бізге тек "оқыңдар, дамыңдар, өсіңдер" деп қолдау беріп отырады. Ал мен жолдасымның қандай да болсын шешіміне қосыламын, ең бастысы - оның разылығы.


Өзімнің жеке тұлғалық дамуыммен жұмыс жасаудамын. Көркем мінезді болып, ата-аналарым мер күйеуімнің разылығы ғана керек. Адам үнемі өзін есепке салып, кемшіліктерін түзеп отыруы қажет» , - дейді Фариза.

Фаризаның бұл жазбасын көрген оқырмандары "Өте парасатты келінсің, Фаризажан, бағың жансын", "Фариза, мен сені көріп кызыгамын! көз тимесін, кызым сен секілді акылды, иманды өте білімді болса екен деп Алла Тағаладан сураймын! бакытты болыңдар" деген тілектерін қалдырған