"Ресейліктер өз үміткері жеңді деп жазыпты": Жұлдыз Абдукаримованың "Әлем ханымы" атанғаны рас па?

0
12 455


Хитмен Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова "Әлем ханымы 2020" болғанын жар салды.

Оған өнердегі жақындары мен тілекші жанкүйерлері, ақпарат көздері құттықтау арнап, жылы лебіздерін жазуда.

Алайда, осы тұста оның қай "Әлем аруы" екенін білгісі келгендер де табылып жатыр.

Солардың бірі — белгілі журналист Асхат Садырбай. Ол өзінің инстаграм парақшасына

"Mrs. Universe 2020 ға қатысты...

Кешелі бері осы байқауға Қазақстаннан қатысқан Жұлдыз Абдукаримова бас жүлдені жеңіп алды деген ақпаратты оқып жатырмыз. Қуаныштымыз. Құтты болсын. Бірақ...Жаңалықтар жазатын шетелдік сайттарды ақтарсам бұл ақпарат тек қазақстандық сайттарда ғана жарияланған. Ресейліктер өз елдерінен қатысқан үміткер жеңді деп жазыпты. Түсініксіз.
Қайбір жылы Францияда өтетін “Intervilles” - “Намыс дода” халықаралық тв додасына барған біздің елдің командасы бас жүлдені жеңіп алған ғой. Ресейде ол шоу “Большие гонки” деген атаумен “Первый канал”дан көрсетілетін. Сөйтіп финалда бәрі Қазақстанды құттықтап, шампан атып, кубокты тапсырып аяқтаған. Бәрі біткен соң ресейлік әріптестер кубокты сұрап алып Ресей жеңді қылып, өздеріне басқаша түсіріп алған. Бір ойын, бір кубок, әртүрлі нәтиже мен әртүрлі жеңімпаз))).
Ал, енді мынау ханшайымдар сайысында да сондай бірдеңе болмаған шығар?"-, деген жазба қалдырды.

Оның бұл пікірін қолдап, шынында әлемдік шараның деңгейіне таң қалысып жатыр. Мысалы, бір оқырманның айтуынша, бұл байқаудың ресмресми парақшасында бар-жоғы 12 000 ғана жазылушы бар екен.



Мұнан өзге бұл байқау туралы орыс, ағылшын тілінде ешқандай ақпарат жазылмағанын да айтып жатыр.

Дегенмен Жұлдыздың шынайы жанкүйерлері актриса туралы жақсы сөздері аға қалмаған.

Бөлісу