«Шенді-шекпенділермен сырласқанда жылап, мұңайып қалатын»: Тележүргізуші өмірде бәрі басқаша екенін айтты

0
2 262

«Бәрінің жан жарасы, өкініші, мұңы, проблемасы бар!»


«Шенді-шекпенділермен сырласқанда жылап, мұңайып қалатын»: Тележүргізуші өмірде бәрі басқаша екенін айтты

Белгілі журналист, «1001 түн» бағдарламасының тележүргізушісі Әйгерім Сейфолла мыңдаған адаммен сұхбаттасқан журналист ретінде «Жетісіп, 100% бақытты боп жүргендер некен-саяқ!» деген пікірін айтты.

Оның айтуынша, сыртынан бақытты, бай-қуатты көрінетін, талай белестерді бағындырған, танымал, шенді-шекпенділермен сырласқанда жылап, мұңайып қалады екен.


Желідегілер журналистің сөзін қолдауда.

«Өте дұрыс айтасың, бақыт - әркімнің өз қолында. Біреулер бір түйір нанға зәру, келесі Шанельдің шубасын ала алмадым деп бұрқан-талқан. Бақыт деген ұғымды әр әйел қаншалықты түсінеді ол соншалықты бақытты!», «Мықты айтыңыз!», «Өте дұрыс айтылған ой! Келісемін! Адам позитивті ойлау керек, сонда өмірің де, болашағың да жарқын болады! Әдетте ұзақ посттарды оқымаймын, осы жолы көзім шалып, әдемі ойды соңына дейін оқып шықтым…» деп жазып жатыр желідегілер.