"Сөмкесі 1 600 000 теңге": Әзілкеш Қабатовтың келіншегі төрт миллион теңгелік киімін көрсетті (видео)

0
2 329

Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі қымбат киінетінін айтты.


YouTube желісіндегі "Bаlentino" әлеуметтік жобасы жүргізушісі Елордада тұрғындары арасында әлемге әйгілі бренд үлгісімен киінетіндермен сұқбат жүргізген. Соңғы үлгімен, талғаммен киінетін тұрғындар арасында елімізге танымал әзілкеш Тұсынбектің келіншегі Мөлдір Мұқанова мен журналист Айгүл Мүкей де бой көрсеткен.

Әзілкештің келіншегі үстіндегі көйлегінің бағасы 1 млн 700 мың екенін айтқан.

«Айтпаса болмай ма? Айту керек пе? Мен осы киімнің бәрін Luxury-ден алдым. Көйлек 1 млн 700 мың теңге, ал сөмке 1 600 мың теңге тұрады. Үстімде жалпы алғанда төрт миллион теңгенің киімі бар", - дейді Мөлдір Мұқанова.

Көрерменге жол тартқан жаңа жобада Елорданың бірнеше тұрғындары сыртқа бір рет киіп шығатын киімдері мен акссесуарларының бағасын жасырмай айтқан.