«Түгі қалған жоқ»: Әнші Нұрлан Албан үйінің өртеніп кеткенін айтты

0
2 115

«Бүткіл аспаптарым өртеніп кетті»


«Түгі қалған жоқ»: Әнші Нұрлан Албан үйінің өртеніп кеткенін айтты

Белгілі әнші Нұрлан Албанның басына сынақ келді. Оның үйі өртеніп кетіпті. Бұл туралы өнер иесі инстаграм парақшасында жазды.


«Қазіргі менің жағдайым осындай. Мына жерде өнер сапына қосылған кезден бастап жинаған бүткіл аспаптарым өртеніп кетті. Қазір күн өте ыстық. Құрметті бауырлар, өрттен абай болыңыздар!

Қауіп-қатер қайдан екенін біле бермейміз ғой. Осыдан екі-үш жыл бұрын студиямды жапқан кезде тірнектеп жинаған музыкалық жабдықтарымның бәрін осы жазғы қоржын тамға қойып қойған болатынмын. Өрт шықты. Түгі қалған жоқ. Ең бастысы бала-шағам, туған-туыс, бауырларым, таныстарым, ел-жұртым аман болсын. Бас аман болсыншы!» деді әнші.



Осы жағдайға байланысты желідегі оқырмандар «Бас аман болса шаш өседі. Біз біргеміз!», «Бас аман болсын», «Адамға үлкен бақ қонар алдында өрт болады екен. Бізде сондай ырым бар, алда үлкен жақсылық сізді күтіп тұр», «Бір жақсылығы бар шығар, аға. Қайырлы шығын болсын», «Өміріңізде кереметтей өзгеріс болайын деп тұр, Алла қаласа! Мықты несібелі боласыз», «Жаңа қадам, жаңа өмір басталатын болар. Сабырлы болып сөйлеп тұрғаның үшін Алланың берері таусылмасын. Басың аман болса барлығы болады Нұрекем» деп әншіге қолдау көрсетіп жатыр.