"Өзіме қайда Зарина, қайда бұрынғы "Жан гүлім" деп күш бердім" - дейді әнші.
Көпшіліктің сүйікті әншісі Зарина Омарова отандық арналардың біріне сұқбат беріп, жеке өміріндегі қиындықтары туралы айтты.
Зарина Омарова: "Менің әке-шешем ажырасты, содан кейін мен өзіме "Мен ажыраспаймын! Мен бәріне шыдаймын, мен бәріне төземін" деп уәде бердім. Балаларым әкесіз өспеуі керек, күйеуім қарамай қойса да шыдаймын. Күйеуім менің жаныма жақындамай, жатпай қойған кездері де болған, бәріне шыдадым. Құдайға шүкір, бәріне шыдап келе жатырмыз ғой, ұзағынан болсын деймін.
Сосын өзіме бір күні "Қайда бұрынғы Зарина, қайда баяғы "Жан гүлім" дедім. Сен оралуыңыз керек, өзіңіз үшін істеуің керек!".
Осылай деген әнші көзіне жас алып, жылап қалды.
Әншінің бұл сұқбатын көрген желі оқырмандары оның мінезіне тәнті болып, "Зарина аналардың бәрі сіз сияқты балаларын ойласа ғой шіркін,жетім балалар көп болмас еді. Қазіргі қыздарымыз кетуге асық болып тұрады", "Зарина өте ақылды саналы қыз еді енді аналардың данасы болып отыр. Алла қолдасын. Алла жар болсын. Аман болыңыз! жаксы көрем кызым сізді" деген ыстық ықыластарын білдіріп жатыр.