АЛЛЕРГИЯДАН айыққыңыз келсе ҚҰРМА жеңіз

0
5 180

Ем үшін 4 дана құрма керек


АЛЛЕРГИЯДАН айыққыңыз келсе ҚҰРМА жеңіз

фото: postila.ru

ҚҰРМА – суыққа қарсы күресетін күшке ие. Сонымен қатар, керемет антиоксиданттың рөлін атқарады. Оған қоса, ісік ауруларының алдын алады. Құрма адам ағзасы үшін қажет болатын барлық дәрумендер мен минералды элементтердің қайнар көзі. Медицина мамандары күніне 4 дана құрма жеп ағзаны мыс, калий, магний және селен элементімен байытыңыз деп кеңес береді. Оған қоса, мына аурудың алдын алуға ықпал етеді.


АҒЗАНЫ ҚУАТТАНДЫРАДЫ

Құрманың құрамы глюкозаға, фруктозаға және сахарозаға бай. Бұл заттар ағзаны қуаттандырып, күш береді. Майсыз әрі дәмді жеміс күні бойғы шаршауды басып, бойыңызға сергектік сыйлайды. Сондықтан да жұмыстан шаршап, тіршілік қажытып жүрсе, құрма жеңіз.


МИДЫ ОЯТАДЫ

Құрма мида болатын кез келген келеңсіз жағдайлардың алдын алады. Тіпті, ұйқыдағы миды оятуға қабілетті. Жемістің құрамындағы фенольн заты табиғи антиоксиданттың қызметін атқарады. Бұл зат өз кезегінде Альцгеймер және деменция (ақыл-парасаттың кемдігі) ауруларынан қорғайды.

фото: mrfilin.com


ІШ ҚАТУДЫ БОЛДЫРМАЙДЫ

Мамандар үнемі іші қатып, үлкен дәретке уақытылы бармайтындарға құрма жеңіз деп ескертеді. Бұл кептірілген жемістің құрамында көптеген жасұнық бар. Іш қатуды емдеу үшін 4 дана құрманы суға салып, бетін жауып қоясыз. Таңертең жидітілген құрманы жесеңіз, дертіңізден біржолата айығасыз. Іштің өтуін де тоқтата алады.


ІШЕКТІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

Бұл жеміс еритін және ерімейтін талшыққа бай. Оған қоса, пайдалы аминқышқылын табуға болады. Бұл екі зат асқазан, ас қорыту жүйесінің жолдарын жақсартады, жұмысын жеңілдетеді әрі артық заттардан тазалайды.


ҚАНАЗДЫҚТАН ҚҰТҚАРАДЫ

Ағзада теміртапшылығының орнын толтырады. Себебі құрма темір элементінің қайнар көзі. Ендеше, күніне 4 дана құрма жеу арқылы қаназдықтан біржолата құтыласыз.


ЖҮРЕК АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

Құрма триглицеридтің деңгейін түсіруге қабілетті. Ал бұл зат қан тамырға май жинамауға септігін тигізеді. Аталған жемісті үзбей жейтіндер стресс, күйзеліс, ашушаңдық, тоқырау сынды дерттен алыстайды.


СЕКСУАЛДЫ ҚАБІЛЕТТІ АРТТЫРАДЫ

Құрманың құрамындағы барлық заттар шәует жасушасының жағдайын жақсартады. Салдарынан еркектің сексуалды қабілетті артып, қуаты тасиды.

фото: liveinternet.ru


КӨРУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТАДЫ

Құрма каротиноид затына бай. Егер сіз құрма жеуді күнделікті әдетке айналдыратын болсаңыз, суқараңғылықтан сақтанасыз. Есесіне, көру қабілетіңіз артып, жанарыңыз жақсарады.


СҮЙЕКТІҢ САУЛЫҒЫН НЫҒАЙТАДЫ

Құрманың құрамында көп мөлшерде бор бар. Бұл элемент сүйектің саулығын жақсартуға, мықты етуге қабілетті. Егер сіз остеопороз ауруларын жеңгіңіз келсе, үзбей құрма жеңіз.


АЛЛЕРГИЯДАН АЙЫҚТЫРАДЫ

Мамандар құрманың тағы да керемет қасиетін анықтаған болатын. Олардың айтуына қарағанда құрманы көп жейтіндерде аллергияның белгілері байқалмайды. Тіпті, мезгілді аллергиялық ринитті (мұрынның шырышты қабығының суық тиіп ауыруы) емдейді.


К, В6 және С дәрумені мен марганец, калий, магний, мыс, темір элементінің қайнар көзі болып табылатын құрманың пайдасы мол. Саулығыңызды жақсартып, көңіл-күйіңізді көтереді. Ендеше, өзі азық, дәрі әрі дәруменнің қызметін атқаратын құрманы үзбей жеуге әдеттеніңіз.


Дереккөз: kubnews.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛГЕН кезде мына КОМПРЕСТІ жасаңыз


Бастың айналуын камфора майы тоқтатады


Бұл ЕКІ тәсіл ағзадағы ТОКСИНДІ «жуып» шығарады