​Аяқ-қолдың МҰЗДАУЫНА мына АЛТЫ ауру себеп болады

0
4 882

Ауруды анықтап, ем алуға асығыңыз.


​Аяқ-қолдың МҰЗДАУЫНА мына АЛТЫ ауру себеп болады

фото: ostrnum.com

Күн суық, аяз, боран, жел, ал жер мұз, қар не су болса, өзіңіз жаяу жүрсеңіз, бұл қалыпты жағдай. Үйге немесе жылы жерге барған соң санаулы минуттан соң денеңіз, аяқ-қолыңыз жылынып, қалпына келеді. Ал жып-жылы үйде отырсаңыз да, ыстық көрпеге орансаңыз да аяқ-қолыңыз жылымаса, онда себебін басқа жақтан іздеңіз. Сіздің мына алты түрлі аурудан мұздап жатқан аяқ-қолыңызға жылы көрпе де, ыстық су да, жылы бөлме де ем бола алмайды. Ол үшін арнайы сараптама жасатып, мына алты түрлі ауруды емдеңіз.


Қаназдық

Қаназдық кезінде жасушаларға жеткілікті қан бармайды да, салдарынан бүкіл ағза ауа тапшылығына ұшырайды. Бұл жағдайға көбінесе темірдің жетіспеушілігі себеп болады. Әсіресе жүрекке, миға, бауырға қан жетіспегеннен аяқ-қол мұздайды.

Қаназдыққа шалдыққан адамның бойын әлсіздік билейді, қуқылданып, басы айналады әрі жүрек қағысы жиілейді. Одан бөлек, бор, мұз немесе кесек жеуге құмартып жүреді.

Адам ағзасына қауіп төндіретін бұл ауруды анықтау үшін қан сараптамасын жасату керек. Аталған сараптама эритроцит пен гемоглобиннің деңгейін анықтайды. Ал аурудан айығу үшін құрамы темір элементіне бай, дәрі, дәрумен, тағамдар қабылдап, салауатты өмір салтын ұстану керек.

фото: novuyden.com


Рейно синдромы

Бұл дертке шалдыққан науқастың майда артериясының терісі құрғап, қанның жолын жабады. Салдарынан аяқ-қол ұйып, мұздайды. Науқас бейне бір дене қызуы төмендеген немесе стресс алған күй кешеді. Рейно ауруы мазалағанда аяқтың терісі қуқылданып кетеді. Ал мұздаған аяқты жылытқанда терісі қызарып, ісінгенін байқайсыз.

Дәрігерлер бұл ауруды екі түрге яғни алғашқы және екінші деп бөледі.

Алғашқы түрінде айтарлықтай белгі бермейді. Ал екінші түрінде:

  • аутоиммундық аурулар, яғни терінің қартаюы (склеродермия), терінің желігі (волчанка), құздамалық (ревматоидный) артрит және Шегрена синдромы;
  • атеросклероз және артериит;
  • қолдың жансызданып, ұюы, білезіктің ауыруы;
  • діріл-тербелістік ауыру байқалады.

Рейно синдромы ауасы салқын аймақта тұратын әйелдерде жиі кездеседі.


Диабет

Диабет ауыруы кезінде ұйқы безі керекті инсулинді бөле алмайды немесе ағза жасушалары сезбейді. Инсулиннің жетіспеуінен жасуша глюкозаны сіңіре алмай, қанда қалып қояды. Сондықтан да диабетке шалдыққан науқастың аяқ-қолы мұздайды. Одан бөлек:

  • аяқтың майда тамырларында қан дұрыс айналмайды;
  • аяқ-қолдың қан айналымы нашарлағаннан жүрек-қан тамыр аурулары мазалайды;
  • аяқ-қолдың мұздауынан қан көбейеді. Ал қанның көбеюінен жүйкенің жұмысы нашарлайды.

Аталған жайсыздықтан арылу үшін қандағы қанттың мөлшерін ретке келтіріңіз. Арнайы ем-дом жасап, диета ұстаңыз. Қанды түсіретін дәрі ішіп, инсулин қабылдаңыз.

фото: Яндекс.Новости


Гипотиреоз

Бұл қалқанша безінің Т3 (трийодтиронин) және Т4 (тироксин) деп аталатын гормонын қажетті мөлшерде бөле алмағаннан туындайтын ауру. Ал бұл гормондар зат алмасудың дұрыстығы мен ағзаның мықтылығына жауап береді. Қан айналымның нашарлауынан да аяқ-қол мұздайды. Одан бөлек:

  • тез шаршау мен әлсіздік;
  • беттің ісуі;
  • бұлшық ет пен буынның ауруы;
  • терінің құрғауы және шаштың түсуі;
  • жүрек қағысының нашарлауы;
  • мазасыздық, депрессия, есте сақтаудың нашарлауы, іш қату себеп болады.

Осы жағдайлар байқалса, дереу қалқанша безден гормонға сараптама жасату керек.


B12 дәруменінің жетіспеушілігі

Бұл дәрумен жүйке клеткаларының, эритроциттің жұмысы үшін өте маңызды. В12 дәруменінің жетіспеуішіліген жүйке аурулары сыр береді. Бұл кезде аяқ қол мұздайды, ұйып, шаншиды. Оған қоса:

  • әлсіздік, шаршау;
  • тепе-теңдікті жоғалту;
  • есте сақтау қабілетінің нашарлауы, мұқияттылықтан айрылу;
  • ентігу;
  • ауыз қуысында жара пайда болу секілді жайсыздықтар көрініс береді.

Дәрумен жетіспеушілігін анықтау үшін B12 дәруменінің деңгейін анықтайсыз. Егер қажетті мөлшерден аз болса, құрамы осы дәруменге бай тағамдарды тұтынасыз, дәрі-дәрумен қабылдайсыз.


Сіздің аяқ-қолыңыздың еш себепсіз мұздауына осы аурулар себеп болуы мүмкін. Сондықтан қан сараптамасын жасатыңыз. Ауруды анықтап, ем алуға асығыңыз.


Дереккөз: health.mail.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚАН ҚЫСЫМЫН түсіру үшін ҚАНША шыны КӨК ШАЙ ішу керек?


БАС ауруын лимонның ҚАБЫҒЫ қойдырады


ТҰМАУҒА ем болатын ЕКІ әдісті БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ