Төменде толық жазылған
фото: facty.com
Бауыр ауруымен күресудің ең оңай жолы – оны ауыртпау. Оған қоса, төменде жазылған 8 кеңесті орындай отырып, бауырды түрлі дерттен қорғауға болады.
1. Қолыңызды жуыңыз
Қолыңызды жиі жуыңыз. Сырттан келгенде, әжетханадан шыққанда, үй шаруаларымен айналысқан соң, ас үйдің тірлігі біткенде қолыңызды міндетті түрде сабындап жуыңыз. Тамақтанудан алдын, тамақтан кейін де бірінші жасайтын шаруаңыз – қол жуу болсын!
2. Салмағыңызды сақтаңыз
Сіз семіздік ауруына шалдықсаңыз немесе артық салмақ болса, онда бауырға айтарлықтай зияныңызды тигізіп жүрсіз. Бауырды май басса түрлі дерттің дендеуіне себепші болады. Сондықтан да бауырға май жинамауға тырысыңыз. Күнде салмағыңызды тексеріп, өз нормасынан аспағанын қадағалаңыз.
3. Тамаққа көңіл бөліңіз
Мейлінше калориясы жоғары тағамдарды, қанықпаған майды, тазартылған көмірсуды тұтынбаңыз. Оның орнына жасұныққа бай жеміс-жидекті, көкөністі, тұтас дәнді нан мен жармаларды көбірек жеңіз. Ет, сүт өнімдерін, жаңғақ пен балықты үзбеңіз. Суды да көбірек ішуге әдеттеніңіз.
фото: antiages.ru
4. Спортпен шұғылданыңыз
Спорт – денсаулық кепілі. Денесін шынықтырған адамның ағзасы ауруға қарсы тұруға қабілетті келеді. Ең алдымен саулығыңызды жақсартады, бұлшықеттеріңізді қатайтады, сүйекті нығайтады. Оған қоса, тыныс алуды реттеп, бауырдың жұмыс істеуін жақсартады. Үзіліссіз спортпен айналысатындардың бауыры ауырмайды.
5. Уыттан сақтаныңыз
Улы зат бөлетін жерден аулақ жүріңіз. Уыт бауыр жасушасына өте зиян. Әсіресе аэрозольді өнімдерден, жәндік өлтіретін улы заттан, химикаттардан сақ болғаныңыз жөн. Мүмкіндік болса мұндай жерде жұмыс істемей-ақ қойғаныңыз дұрыс.
Темекі мен есірткі де бауырдың жауы екенін ескеріңіз. Оған қоса, алкогольді де ұмытыңыз. Спиртті сусындар денсаулығыңызды жарамсыз жағдайға жеткізеді. Алкоголь бауырды зақымдайды, жасушасын өлтіреді.
Есіңізде болсын! Бауырға зияны келмейтін спиртті сусын жоқ!
6. Бөтен затты қолданбаңыз
Жеке зат болып табылатын ұстара, тіс щеткасы, тырнақ алатын тістеуік, қайшы, тарақты біреуге бермеңіз. Біреудің де осындай заттарын қолданбаңыз. Ауру бір тамшы қаннан жұғатынын ұмытпаңыз.
фото: medaboutme.ru
7. Дәрінің нұсқаулығымен танысыңыз
Сізге берілген дәрінің нұсқаулығымен толық танысып шығыңыз. Тым ұзақ уақыт, мөлшерін көбірек немесе аз күн қабылдап қоюыңыз мүмкін. Себебі бауырға дәріден келетін қауіп өте көп. Дәрі қабылдап жүрген кезде ешқашан алкоголь ішпеңіз. Нұсқаулығында бауырға зиян деген жазбасы болса, дәрігеріңізге айтыңыз. Ол басқа дәрімен ауыстырады.
8. Екпе салдырыңыз
А және В гепатитіне қарсы екпе салдырыңыз. Мұндай мүмкіндікті ешқашан жіберіп алмаңыз. Өкінішке орай, С гепатитіне қарсы екпе жоқ. Сондықтан да бауырды С гепатитіне шалдыққанға дейін уақыт өткізіп алмаңыз.
Өздеріңізге мәлім, бауыр – ең маңызды ағза. Ол қанның айналымына, аяқ-қолдың дұрыс жұмыс істеуіне, жүрек, бүйрек, асқазан, өкпе, талақ, тізе берсең жалғаса беретін барлық ағзаның жұмысы үшін жауапты. Бауырды дерттен қорғай отырып, бүкіл ағзаңызды қорғайтыныңызды ескеріңіз!
Дереккөз: mhealth.ru
Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
СТРЕСС мына ДЕРТТІҢ қозуына себепші болады
БАЛ мен СОДА қызыл иектің ҚАНАУЫН тоқтатады
Жиі АУЫРАТЫН балаға МЫНА әдісті жасаңыз