​БҮЙРЕК ауруынан САҚТАНУДЫҢ 8 әдісі

0
7 810

Мұны бәріміздің білгеніміз жөн


​БҮЙРЕК ауруынан САҚТАНУДЫҢ 8 әдісі

фото: multiurok.ru

Бүйрек ауруынан сақтану бүкіл ағзаның саулығын сақтау болып табылады. Себебі бүйрек қанды сүзеді, ағзадағы қажетсіз заттарды несеп арқылы сыртқа шығарады, су тепе-теңдігін сақтайды, гормонның дұрыс бөлінуін қамтамасыз етеді, жалпы ағзаның жұмысын жақсартады. Сондықтан да бүйректің саулығын сақтау өте маңызды. Ендеше, мына 8 әдісті қолдана отырып, бүйректің саулығын сақтаңыз.


1. БЕЛСЕНДІ БОЛЫҢЫЗ

Үздіксіз жасайтын жаттығу белге ғана пайдалы емес сонымен қатар бүйректі созылмалы аурудан қорғайды. Сонымен қатар, қан қысымын реттеп, жүректің жұмысын жақсартады. Егер сіздің қан қысымыңыз қалыпты, жүрек дүрсілі дұрыс болса, бүйрек те сау болады.

Бүйректің саулығын сақтау үшін сізге марафонға қатысып, спорт алаңына шығудың қажеті жоқ. Бар болғаны – жаяу жүріңіз, баяу жүгіріңіз, велосипед айдаңыз, билеңіз.


2. ҚАНДАҒЫ ҚАНТ ДЕҢГЕЙІН РЕТТЕҢІЗ

Қант диабетіне шалдыққан науқастардың бүйрегі сыр береді. Егер сіздің денеңіздің жасушалары қандағы глюкозаны жеткілікті мөлшерде қолдана алмаса, гипергликемия дамиды. Ал бұл өз кезегінде бүйректің жағдайына теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан да қандағы қанттың мөлшерін жиі бақылап тұруыңыз керек.

фото: syl.ru


3. ҚАН ҚЫСЫМЫН БАҚЫЛАҢЫЗ

Артериялық гипертензия бүйрекке зақым келтіруі мүмкін. Егер диабет, жүрек немесе басқа да дертіңіздің салдарынан қан қысымыңыз көтерілсе, онда бұл бүйрекке де кері әсер етеді. Холестерин деңгейі көтерілсе де бүйректі зақымдайды. Ендеше, дәрігеріңізбен ақылдаса отырып, қан қысымын түсіруге тырысыңыз. Қажетті дәріні үзбей ішіп, қан қысымын қалыпты ұстаңыз.


4. САЛМАҒЫҢЫЗҒА МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗ

Артық салмақ иесі немесе семіздікке шалдыққан науқастың бүйрегі де дұрыс жұмыс жасамайды. Бұл дерттің емі – дұрыс тамақтану әрі қалыпты диета екенін ескеріңіз. Құрамында натрий элементі аз өнімдерді тұтыныңыз. Әсіресе, жоғары өңделген тағамдардан өте сақ болғаныңыз жөн.


5. СҰЙЫҚТЫҚТЫ КӨБІРЕК ІШІҢІЗ

Күніне кем дегенде 8 стақан су ішіңіз. Мамандар салмағыңызға сай сұйықтық ішуге әдеттеніңіз деп ескертуден жалықпайды. Өйткені судың мың түрлі дертке дауа екенін айтады. Сұйықтықты үзбей ішсеңіз бүйрек ауруының алдын аласыз. Себебі, су ағзадағы артық натрий мен алмасу өнімін (метаболит) сыртқа шығарады. Оған қоса, бүйректі дерттен сақтайды әрі бүйректегі тасты түсіреді.

фото: lit-baby.ru


6. ТЕМЕКІ ШЕКПЕҢІЗ

Темекі – қан тамырларын зақымдайды әрі денедегі қан ағымын баяулатады. Әсіресе, бүйректің қан ағымын баяулатып, қатерлі ісік ауруына шалдықтыруы ықтимал. Егер сүйегіңіздің саулығын сақтап, ұзақ өмір сүргіңіз келсе, тап қазір темекіні тастаңыз.

Онсыз да ағзаны қалпына келтіру үшін сізге ұзақ жыл керек.


7. ДӘРІНІ КӨП ІШПЕҢІЗ

Егер сіз ауруды басатын дәріні шамадан артық ішетін болсаңыз, бүйректің жұмысын тоқтатасыз. Ешқашан суыққа қарсы, тұмаудан емделу үшін, тіс, бас ауруын басатын дәрілерді артығымен ішуден сақтаныңыз.


8. БҮЙРЕГІҢІЗДІ ТЕКСЕРІҢІЗ

Егер сіздің бүйрегім ауырмай ма екен деген күдігіңіз болса, оны тексертіп көріңіз. Терапевт дәрігердің қабылдауына жазылып, сараптама жасатыңыз. Бүйрегіңізді УДЗ-ден өткізіңіз. Егер құм, тас болса, суықтаған болса дереу ем қабылдаңыз.

Бүйректі сақтау арқылы бүкіл ағзаның саулығын сақтайтыныңызды біліңіз.


Дереккөз: mhealth.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ИНФЕКЦИЯ мен ВИРУСТЫ өлтіру үшін ҚАЙНАҒАН СУ ішіңіз


ДОНОР болудың ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ қандай?


ТЫНЫС алуыңыз қиындаса КОФЕ ішіңіз