Бұл БЕС әдіс ҰЙҚЫҢЫЗДЫ қандырып, ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ жақсартады

0
7 087

Тек ТАҢЕРТЕҢ ғана...


Бұл БЕС әдіс ҰЙҚЫҢЫЗДЫ қандырып, ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ жақсартады

фото: au.topresume.com


Денсаулықтың мықты болуы – күтімге байланысты. Бас, бел, тамақ ауырса дереу дәріге жүгірмей, түрлі ем-шараларын қабылдау керек. Дәрісіз де талай дерттің алдын алуға болады. Мәселен, сіз таңертең ұйқыдан оянған соң көңілсіз жүрсеңіз күні бойы көңіл-күйіңіз көтерілмейді. Ұйқысы қанбаған, бойын ашу билеген, көңілсіз адам кімге ұнайды? Онымен ешкім сөйлескісі келмейді. Оның көңілсіздігі өзгелерге емес тек өзіне зиян. Денсаулығына кері әсер етеді.


Егер сіз күні бойы көңілді, сергек, сенімді жүргіңіз келсе, таңертең мына 5 әдісті міндетті түрде жасаңыз. Бұл көп уақытыңызды алмайды. Егер әдетіңізге айналдырсаңыз, пайдасы өте керемет болады.


ҚҰЛАҒЫҢЫЗДЫ УҚАЛАҢЫЗ

Таңертең ұйқыдан тұрғанда көзіңіз ашылып, денеңіз қимылдағанымен ағзаның оянуы біраз уақыт алады. Сондықтан да біз ағзамызды оятуымыз керек. Өздеріңіз білетіндей, біздің құлағымызда бірнеше нүкте бар. Осы нүктелерді уқалау арқылы бүкіл ағзамызды сергек қалпында оятамыз.

Саусақтарыңыздың көмегімен құлағыңызды ішін, сыртын уқалаңыз. Тіпті, таяқшаға мақта орап алып, құлағыңыздың ішін тазалап шықсаңыз да керемет болады. Бұл ағзаны ұйқыдан тезірек тұруға көмектеседі. Оған қоса, қасыңызды, бетіңізді, мұрныңызды, басыңыз бен самайыңызды уқалаңыз. Бұл әрекеттер арқылы сіз бастың қан айналымын жақсартасыз, мидың ойлау жүйесін дамытасыз, есте сақтау қабілетіңіз реттеліп, көңіл-күйіңіз көтеріледі.

фото: melannett.ru


СУҒА ТҮСІҢІЗ

Бұл да көп уақытыңызды алмайды. Таңертең ұйқыдан тұрған бойда душқа кіріп, қарама-қарсы суға түсіңіз. Бір мезетте қабылдаған салқын мен ыстық су денеңізді шымыр етеді, бойыңызды билеген ауыртпалықтан арылтады, көңіл-күйіңізді көтеріп, ұйқыңызды ашады.

Тіс тазалауды да күнделікті міндетім деп қараңыз. Тіспен бірге тіл тазалауды да ұмытпаңыз. Тіл тазалау арқылы –

◊ Ауыз қуысындағы бактерияны өлтіресіз. Түні бойы жиналған тамақ қалдықтарынан, сілекейден арыласыз;

◊ Ауыздан жағымсыз иіс шықпайтын болады.


СУ ІШІҢІЗ

Су – мың түрлі дерттің емі екенін білесіз бе? Әсіресе, ашқарынға ішкен судың пайдасы ұшан-теңіз. Егер сіз күнде таңертең ашқарынға 1 стақан жылы су ішуді әдетке айналдырсаңыз, саулығыңызды жақсартумен қатар, кез келген аурудың ауылынан алыстайсыз.

Мейлінше, таңғы астан 20 минут бұрын ішуге әдеттеніңіз. Сонда су:

◊ бауырды тазалайды;

◊ зат алмасуды реттейді;

◊ асқазан, ас қорыту жүйесінің жолдарын жақсартады.

фото: dokteronline.com


БАЛ ЖЕҢІЗ

Таңғы астан бұрын 1 шай қасық бал жесеңіз, ағзаны жасартасыз, шлактан тазартасыз, денсаулығыңызды жақсартасыз. Егер бал жей алмайтын болсаңыз, стақандағы жылы суға араластырып ішуге болады. Ашқарынға жеген бал –

◊ иммунитетті көтереді;

◊ ағзаны түрлі дәрумендер мен минералды заттарға байытады;

◊ құрамындағы глюкоза мен фруктозаның көмегімен ағзаны қуаттандырып, күш береді;

◊ мидың жұмысын дамытады;

◊ ағзада керемет антиоксидант қалыптастырады.


АУЫЗ ҚУЫСЫН АСҚЫН ТОТЫҒЫМЕН ШАЙЫҢЫЗ

Таңертең ұйқыдан тұра салысымен міндетті түрде жуынатын бөлмеге барамыз. Бет-қолымызды, тісімізді жуамыз. Сосын таңғы ас ішіп, жұмысқа асығамыз. Осы кезде 2 минут уақытыңызды бөліп, ауыз қуысын асқын тотығымен шайсаңыз, ауыз қуысында кездесетін кез келген аурудан арыласыз. Ол үшін 30-50 мл жылы суға 5-7 тамшы асқын тотығын араластырып, аузыңызды шаясыз. Бұл ем кариесті, тіс жегінің қабынуы, тіс құрттау, тіс ауруы секілді кез келген дертті болдырмайды. Оған қоса, тісіңізді ағартып, ауыздан шығатын жағымсыз иісті де кетіреді.


Міне, бар-жоғы 5-10 минут уақытыңызды алатын қарапайым ғана әдістер, бүкіл өміріңіздің жақсы, денсаулығыңыздың мықты болуына септігін тигізеді. Ендеше, жоғарыда жазылған 5 әдісті күнде міндетті түрде орындауға асығайық!


Дереккөз: mcmedved.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Баланың ҰЙҚЫСЫ қанбай, тамаққа ТӘБЕТІ нашарласа ҚҰРТҚА сараптама жасатыңыз – дәрігер


ТҰМАУМЕН ауырғанда ЛИМОН қосылған СУ ішу ҚАУІПТІ


Бұл ЕКІ тәсіл ағзадағы ТОКСИНДІ «жуып» шығарады