​Кешегі ТАМАҚТЫ жылытып ЖЕСЕҢІЗ не болатынын білесіз бе?

0
18 867

Кешегі тамақты тойып жегенше 1 дана жеміс немесе көкөніс жеп қанағат етіңіз.


​Кешегі ТАМАҚТЫ жылытып ЖЕСЕҢІЗ не болатынын білесіз бе?

фото: fb.ru


Медицина мамандарының айтуына қарағанда кешегі тамақтың адам ағзасына зияны шаш-етектен екен. Тамақ ағзаның клеткаларына аса қажет материал. Оның мейлінше балғын болғаны дұрыс. Себебі, ағза дұрыс жұмыс істеген жағдайда ғана денсаулық өте жақсы болатыны анық дейді дәрігерлер.


Ертеңгі тамақты бүгін дайындап қоятын отбасылардың көптігі жасырын емес. Әсіресе жұмысбасты әйелдер мен кафе, асханаларда күні бұрын дайындайтыны анық. Бастысы, ыстық тамақ болса болғаны деп қараймыз. Алайда кешегі тамақтың зияны тез дайын болатын тамақтардан екі есе көп екен.

фото: billionnews.ru

Ал диетолог мамандар кешегі тамақ түгілі, екі сағат бұрын туралған көкөністер мен жемістерден де бас тартуға шақырады. Себебі олар құрамындағы барлық пайдалы заттарынан айырылып, керісінше зиянды заттар бөлетін көрінеді.


Бір күн бұрын дайындалған тағам өзінің пайдалы қасиеттерін жояды. Адамның қарнын тойғызғанымен, денесін ауыртып, тез шаршайтын болады. Егер сіз кешегі тамақты жылытып жейтін болсаңыз A, C, D және B тобындағы дәрумендер жойылады.


Кешегі тамақты қалай сақтау керек?

Егер сіздің күнде балғын тамақ әзірлеуге мүмкіндігіңіз болмаса, онда пісірген тамақты дұрыс сақтауды біліңіз. Бұл кезде әрине сіздің көмекшіңіз – тоңазытқыш болады. Бірақ піскен тамақ салқындаған кезде тоңазытқышқа тыға салумен іс бітпейді. Әр тамақты сақтаудың уақыты мен әдісі бар. Мәселен:


- Еттің өзін 3-4 күнге дейін сақтауға болады. Егер оған ешқандай көкөніс, айран, ащы қосылмаса, етті герметикке орайсыз немесе қақпағы мықтап жабылатын ыдысқа саласыз.


- Қуырылған картопты да 1-2 сағаттан артық сақтауға болмайды. Жаңа піскен соң мейлінше тоңазытқышқа қоймағаныңыз жөн. Себебі картопты ысытқан кезде адам ағзасы үшін зиянды трансжир бөлінеді де, ағзаны улайды.


- Тауық етінен дайындалған тағамдарды да ұзақ сақтау қауіпті. Дәрігерлер екінші рет жылытылған тауық еті ақуыздың құрамын құртады дейді. Бұл кезде еттің қорытылуы қиындап, асқазанның жұмысы нашарлайды.


- Балық өнімдерін де 2 сағаттан соң жемей-ақ қойыңыз. Бұл тіпті өлім қаупін туғызуы да ғажап емес. Әсіресе қуырылған, тұздалған балықты сақтаудың қажеті жоқ. Сол мезетте тойып жесеңіз ағзаны қажетті дәрумендер мен минералды затпен байытасыз.


- Кәдімгі қайнатпа сорпаның да пайдасынан зияны көп. Кешегі сорпаны жылытып жесеңіз, ағзада құрт пайда болады. Жаңа тамақ дайындауға мүмкіндік болмай, ішуге тура келсе, қатты қайнатқаныңыз дұрыс.


- Түрлі жармадан дайындалған ботқаның да кешегісі зиянды. Тіпті, таңертең піскен ботқаны түсте жемеуге кеңес береміз.


ЕСКЕРІҢІЗ! Ешқашан піскен тамақпен шикі тамақты тоңазытқышқа қатар қоймаңыз.

фото: vyvoz.org


Кешегі тамақтың қауіптілігі қандай?

Дұрыс дайындалмаған тамақтың зияны мол. Ең алдымен асқазанның, бүйрек пен бауырдың жұмысын нашарлатады. Ағзаны өте баяу қимылмен улайды. Ішекке, асқазанға, бауырға құрт түсіріп, іштей кеміреді.


Аурудың алдын алу үшін

Сондықтан да ағзамызды өз қолымызбен уламай тұрып, әрекет жасайық. Мейлінше балғын тамақ әзірлеуге тырысайық. Кешегі тамақты тойып жегенше 1 дана жеміс немесе көкөніс жеп қанағат етіңіз. Қарныңыз тоймаса да, ағзаңыз уланбайды. Керісінше, бойыңызды билеген шаршаудан, әлсіздіктен, ашуланшақтықтан, күйзелістен арыласыз.

1 кесе кешегі сорпаны ішкенше, 1 стақан жаңадан піскен сүт ішіңіз. Міне, сол кезде ағзаны қажетті дәрумендермен, минералды элементпен және пайдалы маймен қамтисыз.


Материал түрлі дереккөздерінен дайындалды


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бұл БЕС әдіс ҰЙҚЫҢЫЗДЫ қандырып, ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ жақсартады


АСҚАЗАНДЫ тазартқыңыз келсе САРЫСУ ішіңіз


Мына АУРУДЫ емдеу үшін ДӘРІНІҢ орнына ДӘМДЕУІШ қолданыңыз